2019 жылдың 9 айында 11 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 203 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 501 060 100,0 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 22 782 508,5 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 21 510 953,3 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 925 618,6  мың теңгені, тиімсіз жоспарланған қаржы 345 936,6 мың теңгені  құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 21 510 953,3 мың теңге болса, оның ішінде 2019 жылдың 1 қазандағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі  және өтелуі тиіс  қаржы көлемі 20 380 072,9 мың теңгені құраған,  қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 20 380 072,9 мың теңгені құраған немесе  100 % орындалған. Қалпына келтірілмеген және өтелмеген қаржы қалдығы 1 130 880,5 мың  теңге (мерзімі келмеген).

 Жалпы ақшалай түрде өтелгені  43 025,4 мың теңге болса, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету (тауар беру) есепке алу жолымен қалпына келтірілген қаржы көлемі 20 337 047,5  мың теңгені құраған.

2019 жылдың 9 айында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 182 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 148 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 34 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2019 жылдың 9 айында уәкілетті органға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, мемлекеттік кірістер департаментіне  және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңнамасының, Салық Кодексінің, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 140 материал жолданып, 114 материал бойынша 11 202,0 мың теңге айыппұл салынған, 5 материал бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылған, 21 материал бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған.

Pin It