Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Жалпы Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2018 жылы орындалуына жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері орындалған.
Негізінен басты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсу қарқыны байқалған болса, бірқатар көрсеткіштер бойынша өткен кезеңдермен салыстырғанда төмендеу жағдайлары да орын алған.
Бұл ретте өткен жылдармен салыстырғандағы кему қарқыны байқалған негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсу қарқынын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстардың атқарылуы қажет етіледі.

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

         Жергілікті бюджетке түскен түсімдердің атқарылуын бағалау

2018 жыл ішінде түсімдердің 511 811 036,0 мың теңге жоспары нақты 512 595 110,4 мың теңгеге орындалған немесе жоспар 784 074,4 мың теңгеге артық орындалды.
Кірістер бөлігінің жоспары 502 068 588,0 мың теңге болса, нақты 502 852 662,7 мың теңге түскен немесе жоспар 100,2 % орындалған. Оның ішінде 15 кіріс көзі бойынша жоспар асыра орындалған, 3 кіріс көзі бойынша жоспар 100% орындалған, 4 кіріс көзі бойынша жоспар орындалмаған. Трансферттер түсімі 100%-ға орындалған.
2018 жылғы облыстық бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі үлесін трансферттерттердің түсімі 94,2 %-ын, ал өзіндік кірістер 5,8%-ын құрайды.
Салықтық түсімдердің орындалуын талдау
Есепті кезеңде облыстық бюджеттің салықтық түсімдерінің жоспарындағы 25 135 451,0 мың теңгенің орнына 25 412 467,0 мың теңге түсіп, жоспар 277 016,0 мың теңгеге немесе 1,1%-ға асыра орындалды.
Салықтық түсімдер бойынша болжамдық көрсеткіштерді асыра орындау 5 салықтар бойынша жоспардан артық түскен түсімдердің есебінен қамтамасыз етілген. Алайда, 3 салық түрі бойынша болжамдық көрсеткіш орындалмаған.
Салықтық емес түсімдердің орындалуын талдау
2018 жылы салықтық емес түсімдер жоспары 548 846,0 мың теңге сомасында бекітіліп, қаржы жылы ішінде енгізілген өзгерістерге сәйкес түзетілген жоспар 4 166 956,6 мың теңгені құрады, жыл қорытындысымен 4 637 880,0 мың теңгеге орындалған немесе түзетілген жоспар 13,7% -ға асыра орындалған.
Салықтық емес түсімдер бойынша болжамдық көрсеткіштерді асыра орындау 6 түсімдер түрлері бойынша қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар бойынша болжамдық көрсеткіш 150 000,0 мың теңгенің орнына 131 384,3 мың теңге түскен немесе 18 615,7 мың теңгеге кем түскен (нақты өндірілуіне байланысты түскен түсім).

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді талдау
2018 жылы негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 4 000,0 мың теңгеге бекітілген. Қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 10 000,0 мың теңге болып нақтыланған, орындалуы 16 040,2 мың теңгені немесе 160,4%-ды құраған.

Трансферттер түсімдерін талдау
2018 жылы трансферттердің түсімдері 392 376 072,0 мың теңгеге бекітілген, жыл аяғындағы түзетілген бюджет 473 257 199,0 мың теңгені құрады, іс жүзінде 473 257 199,0 мың теңге түскен немесе жоспар 100%-ға орындалған.
Жалпы облыстық бюджетке түсетін түсімдерге жауапты уәкілетті органдар тарапынан түзетілген болжамдық көрсеткіштердің елеулі мөлшерде асыра орындалуын, жете орындалмау жағдайларын болдырмау мақсатында облыстық бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлау сапасын одан әрі жетілдіру бойынша тиісті жұмыстардың атқарылуы қажет етіледі.
Жергілікті бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау
2018 жылы облыстық бюджеттің жалпы шығыс бөлігінде қаралған 512 468 156,0 мың теңгенің 512 312 441,4 мың теңгесі игеріліп, жоспар 99,9% орындалған. 2018 жылы шығыстар көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 5 631 793,1 мың теңгеге немесе 1,0%-ға кеміген.
2018 жылы облыстық бюджеттің шығындары 99,99%-ға орындалған немесе түзетілген бюджет жоспарындағы 499 449 136,0 мың теңгенің 499 293 421,9 мың теңгесі игерілген, 155 714,6 мың теңге игерілмей қалған.
2018 жылы 29 бюджеттік бағдарлама әкімшісі тарапынан 248 бюджеттік бағдарлама іске асырылған. Жыл қорытындысы бойынша игерілмеген 155 714,6 мың теңге қаржының ішінде объективтік себептермен 119 819,8 мың теңге (мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша 7 485,6 мың теңге, еңбекақы төлем қоры бойынша 7 849,0 мың теңге және 4 485,2 мың теңге өзге де себептерге байланысты үнемделген қаржы болса, 100 000,0 мың теңге пайдаланылмаған резерв қалдығы), субъективтік себептермен 35 894,8 мың теңге игерілмеген.
2017-2018 жылдары облыстық бюджеттің шығыстарының орындалу серпіні төмендеген, тиісінше игерілмеген қаржының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда ұлғайған. 2018 жылы облыстық бюджеттің шығыстары бюджеттік қаражаттың үнемделуін, жергілікті атқарушы органның резервтерінің бөлінбеген қалдығын қоспағанда 35 894,8 мың теңгеге игерілмей, 2017 жылмен салыстырғанда 6,8 есеге артқан.
2018 жылдың қорытындысы бойынша игерілмеген 35 894,8 мың теңге төмендегі себептерге байланысты қалыптасқан: тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өнім берушілерінің шарттық міндеттемелерді орындалмағандықтан 25 893,7 мың теңге және өзге де себептерге байланысты 4 901,1 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өтпегендігіне немесе бюджеттік бағдарлама әкімшілері бюджеттік бағдарламаны басқаруға байланысты – 5 100,0 мың теңге игерілмеген қаржылар анықталған.
29 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ішінде жыл соңына 9 бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша қаржы игерілмеген
Сондай-ақ, жыл бойында бюджет қаржысының игерілуі төмен дәрежеде болғандығын атап өту қажет: 2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша игерілмеген қаржы көлемі 208 576,7 мың теңге болса, 2 тоқсанның қорытындысы бойынша 152 656,3 мың теңге, 3 тоқсанның қорытындысы бойынша 1 686 236,7 мың теңге, ал 2018 жылдың 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша 3 719 323,2 мың теңгеге жоспар игерілмей қалған.
Әр тоқсандар бойы игерілмеген қаржылар негізі бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан мемлекеттік сатып алудың дер кезінде өткізілмеуіне, жеткізіп берушілердің көрсететін қызметтеріне және мердігерлердің атқарылған жұмыстарына тұрақты мерзімдік қадағалаудың болмауы есебінен орын алған.
Бұл ретте жергілікті атқарушы орган және бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан бюджеттік мониторингті күшейтуді қажет етеді.

  • Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджетті нақтылау және түзету барысында енгізілген өзгерістерді талдау
    2018 жылға арналған облыстық бюджет жыл барысында 7-рет нақтыланған және 7-рет бюджетке түзету енгізілген.
    Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттік қаржылар жыл бойы бірнеше рет ұлғайтылған немесе қысқартылған.
    Соның ішінде 8 бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан есепті жылы қаржылар 57 198 669,0 мың теңгеге қысқартылған. Оның ішінде, ағымдағы бағдарламалар бойынша 20 306 696,0 мың теңге, даму бағдарламалары бойынша 36 891 973,0 мың теңге қысқартылған. Бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне тәуелді емес себептермен 51 543 114,0 мың теңге қысқартылған болса (1 228 803,0 мың теңге мемлекеттік сатып алудан, өтініштің түспеуінен және нақты жұмыстардан, қызметтерден үнемделген, 1 289 985,0 мың теңге сот процестерінің жүргізілуіне байланысты, 44 531 965,0 мың теңге Шымкент қаласына өтуіне байланысты, 625 682,0 мың теңге қаржыландыру көздерінің өзгеруіне байланысты және басқа да себептермен 3 866 679,0 мың теңге). Ал, басқа да себептермен 5 433 213,0 мың теңге қысқартылған (МСА конкурсының кеш өткізілуіне байланысты игерілмеу қаупі бар 813 723,0 мың теңге, МСА конкурсының қорытындысы шықпауына байланысты 363 243,0 мың теңге, ағымдағы жылы тұрғын үйлерді аяқтай алмауына байланысты 147 033,0 мың теңге, жобаға және сметалық құжаттамаға түзетулер мен өзгертулер енгізілуіне байланысты 1 491 697,0 мың теңге, келісім-шарттың бұзылуына байланысты игерілмейтін 107 484,0 мың теңге, тауар өндірушілердің электрондық шот-фактураны алуда қиындықтардың туындауына байланысты 2 510 033,0 мың теңге).
    Жалпы облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан шығыстарды дұрыс әрі сапалы жоспарлауды бақылауға алуды қажет етеді.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздардың пайда болу себептерін талдау
Облыстық бюджет бойынша 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына дебиторлық қарыз 24 561 152,8 мың теңгені, ал кредиторлық қарыз 24 686 890,5 мың теңгені құраған.
Яғни 2017 жылмен салыстырғанда дебиторлық берешек 5 056 007,1 мың теңгеге, ал кредиторлық берешек 3 377 838,2 мың теңгеге артқан.
Мерзімі өткен дебиторлық берешектерді талдау нәтижелері көрсеткендей, облыстық бюджеттің 2018 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан 19 505 145,7 мың теңге қарыздың ішінде 38 026,8 мың теңгесі мерзімі өткен дебиторлық қарыз болса, 2019 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан 24 561 152,8 мың теңге дебиторлық қарыздың ішінде мерзімі өткен дебиторлық қарыз 36 613,4 мың теңгені құраған.
Бұл ретте жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кредиторлық және дебиторлық берешектер көлемін төмендету бойынша жүйелі іс-шаралардың атқарылуы қажет етіледі.
Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау
Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру туралы есебіне сәйкес, Бағдарламада 2018 жылы іске асыруға 123 нысаналы индикаторлар қарастырылып (оның ішінде 36 индикатор – отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша индикаторлар), 2018 жылдың қорытындысы бойынша 62 нысаналы индикаторларға нақты қол жеткізілген, 14-нің есеп беретін мерзімі келмеген, 3-не қол жеткізілмесе, 2-і бойынша статистикалық дерекқор жоқ.
Жалпы Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2018 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлары мен іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету бағытында тиісті іс-шаралар атқарылып, нәтижелілікті қамтамасыз ету үшін жұмыстарды жандандыруды қажет етеді.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау.
2018 жылы инвестициялық жобаларды іске асыруға жыл басында 79 003 339,0 мың теңге қаралып, жыл соңында 88 010 974,0 мың теңгені құраған немесе бюджет жыл басынан 11,4%-ға ұлғайған.
Жалпы 626 (оның 446-і әлеуметтік нысандар, 10-і кредиттік тұрғын үй, 170-і жобалау-сметалық құжаттамалар) инвестициялық жобалар іске асыруға жоспарланған.
Есепті жылы бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша қаржылар 36 891 973,0 мың теңгеге қысқартылған, оның ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне тәуелді емес себептермен 35 774 391,0 мың теңге. (Оның ішінде, 142 807,0 мың теңге мемлекеттік сатып алудан және нақты жұмыстардан үнемделген, 1 289 985,0 мың теңге сот процестерінің жүргізілуіне байланысты, 33 715 917,0 мың теңге Шымкент қаласына өтуіне байланысты, 625 682,0 мың теңге қаржыландыру көздерінің өзгеруіне байланысты). Ал, басқа да себептермен 1 117 582,0 мың теңге қысқартылған (МСА конкурсының кеш өткізілуіне байланысты игерілмеу қаупі бар 813 723,0 мың теңге, МСА конкурсының қорытындысы шықпауына байланысты 56 826,0 мың теңге, ағымдағы жылы тұрғын үйлерді аяқтай алмауына байланысты 147 033,0 мың теңге, жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты 100 000,0 мың теңге).
Бұл ретте облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан шығындарды жоспарлау және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу барысында бастапқы бекітілген бюджетте керекті қаржының көлемі дұрыстап ескеріліп, жан-жақты талдау жүргізіліп, бюджеттің жиі ұлғайтылуына немесе қысқартылуына жол берілмеуін бақылауға алынуы қажет етіледі.

  • Бюджеттік инвестициялық жобалардың уақытылы аяқталуын және пайдалануға берілуін талдау
    Жалпы 2018 жылы 446 құрылыс нысандарының іске асырылуы жоспарланған, оның ішінде 183-і пайдалануға берілуі тиіс, ал 274-і 2019 жылға өтпелі нысандар. Нақты пайдалануға берілгені 170 нысан, 12 нысан мерзімінен кешіктіріліп берілген.
    Жалпы құрылыс нысандарының уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету үшін уақтылы тиісті іс-шаралардың атқарылуы қажет етіледі.
    Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау
    Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша іске асырылған 248 бюджеттік бағдарламалардың 227-і бойынша нәтижелерге қол жеткізілген, 21 бюджеттік бағдарлама бойынша нәтижелерге қол жеткізілмеген.
    Тікелей және түпкі нәтижеге қол жеткізбеудің негізгі себептері мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілмеуі немесе мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің аяқталмауынан, сот процесінің жүргізілуінен, Шымкент қаласына өткізілуінен, жұмыс көлемінің болмауынан және тауарлардың уақытылы жеткізілмеу есебінен орын алып отыр.
    Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 29 басқармалардың ішінде 21 басқарма күтілетін нәтижелерге толық қол жеткізілген, 8 басқарма бойынша күтілетін нәтижелерге толық қол жеткізілмеген.
    Жалпы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында көзделген жоспарлық нәтиже көрсеткіштеріне толыққанды қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі іс-шаралардың атқарылуы қажет етіледі.
    Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің және активтерді пайдалану тиімділігін бағалау
    2018 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталды ұлғайтуға 2 701 960,0 мың теңге бөлініп, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында пайдаланылмаған қаражат қалдығы 1 385 586,5 мың теңгені құраған.
    Яғни бюджеттік бағдарламалар тиімсіз атқарылған. Атап айтқанда «Оңтүстік энергосервис» МКК-мен жыл соңында 79 478,3 мың теңге, «Түркістан» ӘКК»ҰҚ» АҚ-мен 1306 108,0 мың теңге пайдаланылмай қалған.
    Сондай-ақ, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы № 21-НҚ нормативтік қаулысының 3-тармағына сәйкес облыстық басқармалармен өзіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бюджет қаражатын пайдаланған кезде арнайы мақсаттағы аудитті жыл сайын міндетті түрде жүргізу қамтамасыз етілмеген.
    Жалпы облыстық басқармалар тарапынан өзіне қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепті жыл қорытындысы бойынша даму жоспарының орындалу есебіне, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесі көрсеткіштерінің орындалуына, бағдарламалық құжаттарының көрсеткіштерінің орындалуына мониторинг жүргізу жұмыстарын жандандырылуы қажет етіледі.
    Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі нәтижелері
    Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен жалпы 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына 17 аудиторлық іс-шара және қайта тексеру бойынша 1 іс-шара жүргізілді. Аудиторлық іс-шаралардың шеңберінде 404 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 360 499 689,0 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 58 420 637,8 мың теңгені, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 22 153 426,0 мың теңгені, 2018 жылдың I-жартыжылдығының қорытындысы бойынша рәсімдік бұзушылықтар 36 062 244,6 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 204 967,2 мың теңгені құрады. Оның ішінде 2018 жыл кезеңі бойынша қаржылық бұзушылықтар 865 102,0 мың теңгені құраған.
    Қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 22 153 426,0 мың теңге болса, оның ішінде 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 19 455 920,0 мың теңгені құрап, қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 19 455 920,0 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған.
    Жалпы ақшалай түрде өтелгені 248 380,8 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 19 207 539,2 мың теңгені құраған.
    2018 жылдың 12 айында аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған фактілер жөнінде 3 аудит материалдары белгіленген тәртіпте процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Есепті кезеңге тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 367 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 231 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 136 лауазымдық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
    2018 жылдың 12 айында уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылауы басқармасына, Фармация комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне) құрылыс қызметі туралы, бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін және мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 125 материал жолданып, 103 материал бойынша жалпы 6 649,8 мың теңге айыппұл салынған, 13 материал бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған, 9 материал өндірісте.
    2018 жылдың 12 айында Сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 әкімшілік іс қарау үшін жолданып, 3 әкімшілік іс бойынша жалпы 613,3 мың теңге айыппұл салынды.
    Жалпы жоғарыда аталған 17 аудиторлық іс-шараларының және қайта тексеру бойынша 1 іс-шара қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 665 тапсырмалар мен ұсынымдар (242 тапсырма, 423 ұсыным) жолданып, оның 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына мерзімі келгені барлығы 543 тапсырмалар мен ұсынымдар толығымен орындалған (172 тапсырма, 371 ұсыным).
    «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 24) тармақшасын іске асыру мақсатында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 20-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген 1001. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес, 2018 жылғы І-жартыжылдықтың, 2018 жылғы екінші жартыжылдықтың және 2018 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметіне бағалау жүргізілді.
    Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметін бағалау нәтижелері келесідей:
    2018 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметін бағалау нәтижелері 80 баллды құраған (тиімді);
    2018 жылғы екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметін бағалау нәтижелері 110 баллды құрап (тиімді), Республика өңірлерінің Тексеру комиссияларының арасында бірінші орынды иемденген;
    Жалпы 2018 жылдың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметін бағалау нәтижелері 95 баллды құрап, «ТИІМДІ» деген баға алған.
    Тексеру комиссиясының есебінде жалпы талдау және бағалау негізінде облыстық бюджеттің атқарылуын жетілдіру және бюджеттік қаражатты басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі тиісті тұжырымдар мен ұсынымдар қалыптастырылды.

Pin It