2019 жылы 11 қарашада, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында, тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Сапарбековтің төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Түркістан облысы  бойынша департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Н.Наркабуловтың және  тексеру комиссиясының барлық мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен  бекітілген Әдеп кодексінің негізгі талаптарын түсіндіру мақсатында кеңейтілген жиналыс өткізілді.

Аталған жиында Гүлмира Төлегенқызы мемлекеттік қызметшілерге Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы кеңінен  түсіндіріп, қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктерге қатысты бейнероликтер  көрсетіп, сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуге шақырды.

Сонымен қатар, Нұрлан Аманбекұлы мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптарын жан-жақты түсіндіріп, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті екенін айтты.

Тексеру комиссиясының төрағасы Қуанышбек Тастемірұлы кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болғандықтан және Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылығының бірі болып осы сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылатындықтан,  тексеру комиссиясының барлық мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын  қатаң түрде сақтау керектігін айтып, Қазақстан Республикасы Президентінің  сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы саясатын қолдау және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тапсырмаларын өз деңгейінде орындау мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.

Pin It