Әдеп жөніндегі уәкіл

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының талаптарын бұзу фактілері бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Махан Қуандық Қырғызбайұлына +7/7252/35-31-21 телефоны арқылы хабарласуға және қабылдауына (Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, 3 үй, 409 бөлме) келуге болады.

Әдеп жөніндегі уәкіл – ол қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Pin It