Аудит іс-шараларының қорытындылары

21.03.2019 ж.

Пресс -Релиз

«Облыстың дене шынықтыру және спорт  басқармасының жекелеген  бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуына аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік  аудит  нәтижелері туралы  ақпарат.

         Аудиторлық іс-шарамен жалпы 15 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды.

Аудиторлық іс-шарасы бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 35 042 296,2 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 6 008 869,9 мың теңгені (оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 5 999 649,0 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының  сомасы 9220,9 мың теңге) құраған.

Рәсімдердіорындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 17 бірлік бұзушылық фактілері орын алған.

Жалпы қалпына келтіруге және өтелуге жататын қаржы  5 999 649,0 мың теңге. Оның ішінде, оның ішінде қалпына келтірілуге жататыны                            5 996 459,5 мың теңге, өтелуге жататыны 3189,5 мың теңге қаржы аудит барысында толығымен толығымен өтеліп, қалпына келтірілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің  Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  9 материал жолданды.

Жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол бергені үшін мекеме басшыларының тарапынан 4 лауазымды тұлғаларға «сөгіс», 5 лауазымды тұлғаларға «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылып,  1 лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Облыстың дене шынықтыру және спорт  басқармасының жекелеген  бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

18.04.2019 ж.

Пресс -Релиз

«Бәйдібек ауданының 2018 жылға арналған бюджетінің атқарылуын бағалау»  тиімділік  аудит  нәтижелері туралы  ақпарат.

         Аудиторлық іс-шарамен 1 мемлекеттік мекеме қамтылды. Жалпы аудитпен 1 267 110,2 мың теңге қамтылды. Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 26,5 мың теңгені құрады, оның ішінде өтелуге жататыны 26,5 мың теңге аудит аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджетке толық өтелген.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша 1 бұзушылық фактісі орын алған.

Жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол бергені үшін 1 лауазымды тұлғаға «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылған.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Бәйдібек ауданының 2018 жылға арналған бюджетінің атқарылуын бағалау»  аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, аудит объектісіне аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.

18.04.2019 ж.

Пресс -Релиз

«Арыс қаласының 2018 жылға арналған бюджетінің атқарылуын бағалау»  тиімділік  аудит  нәтижелері туралы  ақпарат.

         Аудиторлық іс-шарамен 1 мемлекеттік мекеме қамтылды.

Аудитпен қамтылған сома 609 501,0 мың теңгені құрады. Жалпы аудиторлық іс-шара бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Арыс қаласының 2018 жылға арналған бюджетінің атқарылуын бағалау» аудиторлық                         іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітілді.

03.05.2019 ж.

Пресс -Релиз

«Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2018 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын және Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» сыртқы мемлекеттік  аудит  нәтижелері туралы ақпарат.

Аудиторлық іс-шарасы бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 1 684 942,0 мың теңгені құраған.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 6 бірлік бұзушылық фактілері орын алған.

Облыстың  2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында 123 нысаналы индикатор бекітілсе, оның ішінде 2018 жылға жоспарланғаны 117 индикатор. (36 индикатор – отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша индикаторлар). 2018 жылдың қорытындысы бойынша 62 (76,5%) нысаналы индикаторларға нақты қол жеткізілген, 14-нің есеп беретін мерзімі келмеген, 3-не қол жеткізілмесе, 2-і бойынша статистикалық дерекқор жоқ.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2018 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын және Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектісіне нұсқама және аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.

03.05.2019 ж.

Пресс -Релиз

Түркістан облысының қаржы басқармасында 2018 жылдың бюджетін жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына және жергілікті атқарушы органдар борышының басқарылуы бойынша аудит жүргізу  аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы ақпарат

               Аудиторлық іс-шараның нәтижесімен облыстық бюджеттің атқарылуына бағалау жүргізілді, оның ішінде кірістердің облыстық бюджетке уақтылы және толық  түсуі, облыстық бюджет қаражатының толық және сапалы игерілуі, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламада көзделген тікелей және түпкі нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілуі, облыстық  коммуналдық меншікті басқару тиімділігі талданды. Атап айтқанда:

2018 жылғы облыстық бюджеттің кірістерінің орындалуы 502 852,7 млн. теңгені немесе түзетілген бюджетке 100,2% құраған. Оның ішінде (трансферттердің түсімдерін қоспағанда), 15 кіріс көзі бойынша жоспар асыра орындалса, 3 кіріс көзі бойынша жоспар 100%-ға орындалып, 4 кіріс көзі бойынша жоспар орындалмаған. Трансферттердің түсімдері 100%-ға орындалған.

2018 жылы облыстық бюджеттің жалпы шығыс бөлігінде қаралған  512 468,2 млн. теңгенің 512 312,4 млн. теңгесі игеріліп, жоспар 99,9% орындалған.

2018 жылы облыстық бюджеттің шығыстары бюджеттік қаражаттың үнемделуін, жергілікті атқарушы органның резервтерінің бөлінбеген қалдығын қоспағанда 35,9 млн. теңгеге игерілмей, 2017 жылмен салыстырғанда 6,8 есеге азайған.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан ұсынылған мәліметтеріне сәйкес біздің тарапымыздан талдау жүргізіліп, талдау нәтижесі көрсеткендей, бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша іске асырылған 248 бюджеттік бағдарламалардың 227-і бойынша нәтижелерге қол жеткізілген, 21 бюджеттік бағдарлама бойынша нәтижелерге қол жеткізілмеген.

Облыстық бюджет бойынша 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына дебиторлық қарыз 24 561,2 млн. теңгені, ал кредиторлық қарыз              24 686,9 млн. теңгені құраған.

2018 жылғы 2017 жылмен салыстырғанда дебиторлық берешек  5 056,1 млн. теңгеге, ал кредиторлық берешек 3 377,8 млн. теңгеге артқан.

Аудиторлық іс-шараның нәтижесі бойынша «Түркістан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.

25.05.2019 ж.

Пресс -Релиз

«Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына бюджеттен бөлінген қаражаттардың тиімді пайдаланылуына, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік  аудит  нәтижелері туралы  ақпарат.

      Аудиторлық іс-шарамен жалпы 43 мемлекеттік аудит объектісі қамтылды.

Аудиторлық іс-шарасы бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 24 618 587,8 мың теңге құраған. Жалпы анықталған  қаржылық бұзушылықтар сомасы  503 380,06мың теңге, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 490 150,6 мың теңге, өтелуге жататыны 13 229,46 мың теңге. Аудиторлық іс-шара барысында 483 735,1мың теңге қалпына келтірілген болса, 2 010,36 мың теңгесі өтеліп, аудиторлық қортындыны әзірлеу барысында 108,7 мың теңге өнділген. Жалпы 2119,06 мың теңге өндірілген.

     Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 18 бірлік бұзушылық фактілері  8 объектіде орын алған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 12 материал жолданды. Мемлекеттік кірістер басқармаларына 5 материал жолданды.

     Сондай-ақ, аудиторлық іс шара барысында барлығы 28 жауапты лауазымды тұлғаларға тәртіптік шара қолданылды.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына бюджеттен бөлінген қаражаттардың тиімді пайдаланылуына, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

28.05.2019 ж.

Пресс -Релиз

«Түркістан облысының Полиция департаментіне және оның аумақтық басқармалары мен бөлімшелеріне бөлінген қаржының іске асырылуына аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік  аудит  нәтижелері туралы  ақпарат.

         Аудиторлық іс-шарамен жалпы 12 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды.

Аудиторлық іс-шара бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 25 707 595,0 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 117 773,7 мың теңгені (оның ішінде қалпына келтірілетіні 116 672,0 мың теңге, өтелуге жататын қаржы 1 101,8 мың теңге) құраған.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 20 бірлік бұзушылық фактілері орын алған.

Қалпына келтірілуге жататын қаржы көлемі 116 672,0 мың теңгені құрап, аудиторлық іс-шара жүргізу барысында толық қалпына келтірілді, өтелуге жататын қаржы көлемі 1 101,8 мың теңгені құрап, аудит жүргізу барысында өтелгені 422,9 мың теңге және қорытынды әзірлеу барысында өтелген қаржы 234,4 мың теңгені құрап, өтелуге жататын қаржы көлемі 444,5 мың теңге.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  5 материал жолданды.

Жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол бергені үшін мекеме басшыларының тарапынан 1 лауазымды тұлғаларға «сөгіс», 7 лауазымды тұлғаларға «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылған.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Түркістан облысының Полиция департаментіне және оның аумақтық басқармалары мен бөлімшелеріне бөлінген қаржының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар жолданды.

10.08.2019 ж.

Пресс -Релиз

«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттен бөлінген қаражаттардың тиімді пайдаланылуына, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 8 мемлекеттік аудит объектісі қамтылды.

Аудиторлық іс шара бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 4 416 837,0 мың теңгені құраған.  Анықталған  бұзушылықтар сомасы барлығы 148 659,8 мың теңгені құрады. Оның ішінде:

Жалпы өтелуге және қалпына келтірілуге жататын қаржы көлемі 148 659,8 мың теңге, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 148 469,5 мың теңге, өтелуге жататыны 190,3 мың теңге, рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 12 бірлік бұзушылық фактілері  орын алған.

Қалпына келтірілуе жататын 148 469,5 мың теңге және өтелуге жататыны 190,3 мың теңге аудит жүргізу барысында қалпына келтірілген/өтелген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы қаржы министрілігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 2 материал жолданды.

Жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол бергені үшін мекеме басшыларының тарапынан 7 лауазымды тұлғаға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттен бөлінген қаражаттардың тиімді пайдаланылуына, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына аудит жүргізу» іс-шарасының нәтижелері туралы аудиторлық қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.

24.08.2019 ж.

Баспасөз-Релизі

«Түркістан қаласы бойынша түсімдердің қалалық бюджетке толық және уақытылы түсуін және қалалық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына  және Түркістан қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» сыртқы  мемлекеттік  аудит  нәтижелері туралы  ақпарат.

         Аудиторлық іс-шарамен жалпы 43 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды.

Аудиторлық іс-шарасы бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 83 961 371,9 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 3 113 405,69 мың теңгені (оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 2 356 150,0 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының  сомасы 757 255,7 мың теңге) құраған.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 214 бірлік бұзушылық фактілері орын алған.

Жалпы өтелуге және қалпына келтірілуге жататын қаржы көлемі 2 356 150,0 мың теңге, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 2 308 587,32 мың теңге, өтелуге жататыны 47 562,67 мың теңге. Аудиторлық іс-шара барысында 745 991,2 мың теңге қалпына келтірілген болса, 2 993,48 мың теңгесі  өтелді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің  Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  79 материал жолданды.

Жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол бергені үшін мекеме басшыларының тарапынан 23 лауазымды тұлғаларға тәртіптік шара қолданылған.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Түркістан қаласы бойынша түсімдердің қалалық бюджетке толық және уақытылы түсуін және қалалық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына  және Түркістан қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

19.12.2018 ж.

Баспасөз-Релизі

«Түлкібас ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына және жекелеген бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджет қаржысының жұмсалуына аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері туралы  ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 36 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды. Аудитпен қамтылған сома 26 797 350,7 мың теңгені құрады. Жалпы аудиторлық іс-шара бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 996 549,0 мың теңгені құрады. Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 79 бірлік бұзушылық фактілері орын алған.          Жалпы өтелуге, қалпына келтіруге және бюджетке түсуге жататын қаржы 996549,0 мың теңгенің аудиторлық іс-шара барысында бюджетке өтелгені 1 264,9 мың теңге, қалпына елтірілгені 994 397,8 мың теңге. Өтелуге, қалпына келтіруге жататын қаржылар толығымен қалпына келтірілсе, бюджетке түсуге жататын қаржы қалдығы  34,2 мың теңгені құраған.        Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 10 материалдар жолданды. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Түлкібас ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына және жекелеген бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджет қаржысының жұмсалуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

19.12.2018 ж.

Баспасөз-Релизі

«Сайрам аудандық бюджет қаржыларының жұмсалуына және 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік  аудит нәтижелері туралы  ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 36 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды.  Аудитпен қамтылған сома 48 795 325,1 мың теңгені құрады. Жалпы аудиторлық іс-шара бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 3 756 443,0 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, бюджет қаражатын 35 550,0 мың теңгеге тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.         Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 124 бірлік бұзушылық фактілері орын алған. Жалпы өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы 3 756 443,0 мың теңгенің аудиторлық іс-шара барысында бюджетке өтелгені 2505,9 мың теңге, қалпына келтірілгені 2 847 525,2 мың теңге. Өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы қалдығы  906 411,9 мың теңге. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің  Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 15 объект бойынша, Фармация комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне 1 объект бойынша  материалдар жолданды.       Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Сайрам аудандық бюджет қаржыларының жұмсалуына және 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

26.10.2018 ж.                                                    

Баспасөз-Релизі

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында бөлінген қаржылардың тиімді жұмсалуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы ақпарат

(Сарыағаш аудандық құрылыс бөлімін қайта тексеру бойынша)

Аудиторлық іс-шарамен 1 мемлекеттік мекеме қамтылды. Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаржы көлемі 783 820,0 мың теңге. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 833 238,0 мың теңгені құрады (оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 665 004,3 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 168 233,7 мың теңге). Қалпына келтірілуі тиіс қаржы көлемі 665 004,3 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталмауынан 168 233,7 мың теңгеге  1 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.  Іс-шара барысында аудит объектісінің басшысы Н.Қалисаевтың тарапынан Тексеру комиссиясының талабын орындамағыны үшін Н.Қалисаевтың үстінен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462 бабымен хаттама толтырылып, Сарыағаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2018 жылғы 27 ақпандағы №51-53-3-18-00-3-582 қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Н.Қалисаевқа 240 500 теңге айыппұл салынған. Тиісті шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 1 материал жолданған. Аудиторлық іс-шара бойынша тиімділік аудитінің  нәтижелері көрсеткендей, бұзушылықтар мен кемшіліктердің негізгі себептерінің бірі құрылыс саласындағы заңнамаларды, бюджеттік және мемлекеттік сатып алу заңнамаларын сақталмауы. Жалпы, бюджет қаражатының жұмсалуы бойынша сапалы мониторингінің жүргізілмеуі, жоспарды қалыптастыру мен бюджет қаражатын пайдалану кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталмауы, бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына кері әсерін тигізіп отыр. Бұл өз кезегінде бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, сонымен қатар бюджет  қаржысын пайдалану барысында мемлекеттік мекемелер басшыларының және мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттыруды қажет етеді. Жоғарда аталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды ескере келе, аудит нәтижесімен мекемелерде және ұйымдарда анықталған бұзушылықтар бойынша бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігі жеткіліксіз деңгейде екендігі танылсын. Аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектісіне нұсқама және Аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.

25.10.2018 ж.

2018 жылдың 9 айындағы Оңтүстік Қазақстан облысы бойыншаТексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары

Жалпы  2018 жылдың 9 айында 13 аудиторлық іс-шара аяқталып, аудиторлық іс-шараларының шеңберінде 276 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі 246 203 861,4 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 67 229 617,6 мың теңгені (қаржылық бұзушылықтар 13927305,5 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 53132935,8 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты  169376,3 мың теңге) құраған. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 13 927 305,5 мың теңге болса, оның ішінде 2018 жылдың  1 қазандағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 7 632 526,5 мың теңгені құрап, қалпына келтірілгені және өтелген қаржы көлемі 7 632 526,5 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған.

Жалпы ақшалай түрде өтелгені 240 068,5 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 7 392 458,0 мың теңгені құраған.

2018 жылдың 9 айында аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған фактілер жөнінде 3 аудит материалдары белгіленген тәртіпте процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Есепті кезеңге тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 225 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 137 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 88 лауазымдық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2018 жылдың 9 айында уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылауы басқармасына) құрылыс қызметі туралы, бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін  және мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 76 материал жолданып, 55 материал бойынша жалпы 3 559,4 мың теңге айыппұл салынған, 10 материал бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған, 11 материал өндірісте.

2018 жылдың 9 айында Сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 әкімшілік іс қарау үшін жолданып, 3 әкімшілік іс бойынша жалпы 613,3 мың теңге айыппұл салынды. 2 іс  қысқартылды. Жалпы жоғарыда аталған 13 аудиторлық іс-шараларының қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 548 тапсырмалар мен ұсынымдар (188 тапсырма, 360 ұсыным) жолданып, оның 2018 жылдың 1 қазандағы жағдайына мерзімі келгені барлығы 311 тапсырмалар мен ұсынымдар толығымен орындалған. Мерзімі келмеген орындалған ұсынымдар мен тапсырмалар саны 50  құрап, барлығы нақты орындалғаны 361 тапсырмалар мен ұсынымдар  (75 тапсырма, 286 ұсыным)

24.10.2018 ж.

Баспасөз-Релизі

«Ордабасы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына жән жекелеген бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджет қаржысының жұмсалуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы  ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 31 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды. Аудитпен қамтылған сома 30 533 792,7 мың теңгені құрады. Жалпы аудиторлық іс-шара бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 2 522 963,5 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, 420 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Жалпы өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы 2 522 963,5 мың теңгенің аудиторлық іс-шара барысында бюджетке өтелгені 1288,9 мың теңге, қалпына келтірілгені 2 521 674,6 мың теңге. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 12, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына  2 материалдар жолданды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Ордабасы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына жән жекелеген бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджет қаржысының жұмсалуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша  жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында және тиісті шараларды қабылдау үшін 2 аудит объектілеріне нұсқамалар жолданды.

20.10.2018ж

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2018 жылдың 9 айында 13 аудиторлық іс-шарасы аяқталып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі 246 203 861,4 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 67 229 617,6 мың теңгені (қаржылық бұзушылықтар 13 927 305,5 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар

53 132 935,8 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 169 376,3 мың теңге) құраған.  Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс  қаржы көлемі 13 927 305,5 мың теңге болса, оның ішінде 2018 жылдың 1 қазандағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 7 632 526,5 мың теңгені құрап, қалпына келтірілгені және өтелген қаржы көлемі 7 632 526,5 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған.

Жалпы ақшалай түрде өтелгені 240 068,5 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 7 392 458,0 мың теңгені құраған.

2018 жылдың 9 айында аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған фактілер жөнінде 3 аудит материалдары белгіленген тәртіпте процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Есепті кезеңге тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 225 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 137 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 88 лауазымдық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2018 жылдың 9 айында уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, облыстың мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылауы басқармасына) құрылыс қызметі туралы, бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін  және мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 76 материал жолданып, 55 материал бойынша жалпы 3 559,4 мың теңге айыппұл салынған, 10 материал бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған, 11 материал өндірісте.

 2018 жылдың 9 айында Сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 әкімшілік іс қарау үшін жолданып, 3 әкімшілік іс бойынша жалпы 613,3 мың теңге айыппұл салынды. 2 іс  қысқартылды

14.09.2018 г.

Баспасөз-Релизі

«Қазығұрт ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына жән жекелеген бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджет қаржысының жұмсалуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша  жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы  ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 43 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды. Аудитпен қамтылған сома 39 046 617,1 мың теңгені құрады. Жалпы аудиторлық іс-шара бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 1 860 972,3 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, 312 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Жалпы өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы 1 860 972,3 мың теңгенің аудиторлық іс-шара барысында бюджетке өтелгені 1911,0 мың теңге, қалпына келтірілгені 1 858 902,3 мың теңге. Өтелуге жататын қаржы қалдығы  159,0 мың теңге. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 24 бірлік, сот органына 1 бірлік материалдар жолданды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Қазығұрт ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына жән жекелеген бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджет қаржысының жұмсалуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша  жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

14.09.2018 ж.

Баспасөз-Релизі

«Арыс қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына және жекелеген бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджет қаржысының жұмсалуына аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 30 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды. Аудитпен қамтылған сома 18 207 386,5 мың теңгені құрады. Жалпы аудиторлық іс-шара бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 3 215 800,7 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, 114 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Жалпы өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы 3 215 800,7 мың теңгенің аудиторлық іс-шара барысында бюджетке өтелгені 743,9 мың теңге, қалпына келтірілгені 118 126,4 мың теңге. Өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы қалдығы  3 096 930,4  мың теңге. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің  ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  23 объект бойынша материалдар жолданды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Арыс қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына және жекелеген бюджеттік  бағдарлама әкімшілері бойынша бюджет қаржысының жұмсалуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

Баспасөз-Релизі

13.09.2018 ж.

«Созақ аудандық бюджет қаржыларының жұмсалуына және Созақ ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік  аудит  нәтижелері туралы  ақпарат

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 43 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды. Аудитпен қамтылған сома 28 877 715,3 мың теңгені құрады. Жалпы аудиторлық іс-шара бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 2 449 280,0 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, 216 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Жалпы өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы 2 449 280,0 мың теңгенің аудиторлық іс-шара барысында бюджетке өтелгені 3 131,4 мың теңге, қалпына келтірілгені 2 340 248,3 мың теңге. Аудиторлық қорытынды әзірлеу барысында 98 432,0 мың теңгесі қалпына келтірілсе, 385,0 мың теңге өтелді. Өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы қалдығы  7 083,3  мың теңге. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің  ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 16 объект бойынша материалдар жолданды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Созақ аудандық бюджет қаржыларының жұмсалуына және Созақ ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

03.07.2018 ж.

Түркістан облысы бойынша тексеру  комиссиясының 2018 жылдың I-жартыжылдығында және ІІ-тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Жалпы 2018 жылдың I-жартыжылдығында 10 аудиторлық іс-шара аяқталып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі 160 072 142,5 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 42 473 750,1 мың теңгені (қаржылық бұзушылықтар6 401 252,5 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 36 062 244,6 мың теңге,  тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты  10 253,1 мың теңге) құраған. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс  қаржы көлемі 6 401 252,5 мың теңге болса, оның ішінде 2018 жылдың 1 шілдедегі жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 3 215 271,6 мың теңгені құрап, қалпына келтірілгені және өтелген қаржы көлемі 3 138 880,8 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 97,6% орындалған.

Жалпы ақшалай түрде өтелгені 233 211,5 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 2 905 669,3 мың теңгені құраған.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған фактілер жөнінде 3 аудит материалдары белгіленген тәртіпте процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Есепті кезеңге тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 145 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 105 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 40 лауазымдық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2018 жылдың I-жартыжылдығында уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына) құрылыс қызмет туралы, бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін  және мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 18 материал жолданып, 625,3 мың теңге айыппұл салынған, оның ішінде 5 әкімшілік іс бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған, 5 іс өндірісте. 

2018 жылдың І-жартыжылдығының қорытындысымен Сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 іс қарау үшін жолданып, 240,5 мың теңге айыппұл салынды. 2 іс  қысқартылды.

Баспасөз-Релизі

25.06.2018 ж.

«Шымкент қаласының әкімі аппараты мен Шымкент қаласының Әл-Фараби, Абай, Еңбекші, Қаратау аудандық әкімі аппараттарының қызметіне сәйкестік аудит жүргізу»  сыртқы мемлекеттік  аудит  нәтижелері туралы  ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 5 мемлекеттік мекемелер қамтылды. Аудитпен қамтылған сома 9 207 228,0 мың теңгені құрады. Жалпы аудиторлық іс-шара бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы 239 656,0 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 18 198,1 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 221 457,9 мың теңге. Жалпы өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы 18 198,2 мың теңгені құрады. Аудиторлық іс-шара барысында бюджетке өтелгені 332,4 мың теңге, өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы қалдығы 17 865,8  мың теңге. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің  ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 1 объект бойынша материалдар жолданды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Шымкент қаласының әкімі аппараты мен Шымкент қаласының Әл-Фараби, Абай, Еңбекші, Қаратау аудандық әкімі аппараттарының қызметіне сәйкестік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

28.04.2018 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында 2018 жылдың І-тоқсанына сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-қимыл шаралары жөніндегі мәлімет

     Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы (Әрі қарай – Тексеру комиссиясы) жұмыстың сапасын одан әрі жетілдіру және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қызметінің тиімділігін арттыру, 2016-2018  жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді және жоспарға сәйкес бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар атқарылды. Әр апта сайын өтетін аппараттық жиналыстарда және аудиторлық  іс-шарасын жүргізу алдында сыбайлас жемқорлық мәселесі тұрақты түрде қаралып, сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсері қызметкерлерге түсіндірілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының шеңберінде аудиторлық іс-шаралар басталар алдында аудитке жауапты мүшемен сыбайлас жемқорлықты алдын алу және аудит тобының жұмысын ұйымдастыру мақсатында қызметкерлердің арасында техникалық сабақтары өткізілуде. Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау алдында әр аудиторлық іс-шараның аясында  аудит объектілерінің жауапты қызметкерлерінің қатысысуымен көшпелі отырыстар өткізілуде. Көшпелі отырыстарында аудит объектілерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіріліп, тексеру комиссиясында тұрақты жұмыс істейтін сенім телефонымен таныстыру жұмыстары жүргізілді және де тексеру комиссиясы қызметкерлерінің іс әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған жағдайда, тексеру комиссиясының сенім телефоны арқылы хабарласуға болатындығы жөнінде түсіндірілді. Аудит объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, аудит материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға тұрақты түрде жолдануда. Аудит жүргізу барысында объектілерде анықталған бұзушылықтар бойынша 2018 жылы 3 құқықбұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, сот органдарына қарау үшін жолданған. Оның 2 ісі бойынша тұлғалар айыпты деп танылып, айыппұл төлеу туралы сот қаулылары шыққан. Уәкілетті органдарға қарау үшін жолданған материалдардар бойынша 10 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болады.

28.04.2018 ж.

Пресс-Релиз

«Бәйдібек ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының жұмсалуына, Бәйдібек ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы ақпарат

Аудиторлық іс-шарамен 29 аудит объектісінде 25137388,8 мың теңге қамтылды. Жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 1150108,1 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтіруге жататын 1141572,3 мың теңгенің аудиторлық іс-шара жүргізу барысында 1140999,1 мың теңгесі қалпына келтірілсе, өтелуі тиіс 8535,8 мың теңге толығымен бюджетке өндірілді.
Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 12372142,4 мың теңгеге 72 бірлік бұзушылық фактілері орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында 52 бірлік 9009840,6 мың теңгеге, активтерді пайдалану кезінде 1 бірлік 975365,0 мың теңгеге, мемлекеттік сатып алу саласы бойынша 2 бірлік 1198,4 мың теңгеге және бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік бойынша 17 бірлік 2385738,1 мың теңгеге бұзушылық фактілері орын алған.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Бәйдібек ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының жұмсалуына, Бәйдібек ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітіп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және Аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

28.04.2018 ж.

Баспасөз-Релизі

Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасында 2017 жылдың бюджетін жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына аудит жүргізу аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы ақпарат

Аудиторлық іс-шараның нәтижесімен облыстық бюджеттің атқарылуына бағалау жүргізілді, оның ішінде кірістердің облыстық бюджетке уақтылы және толық түсуі, облыстық бюджет қаражатының толық және сапалы игерілуі, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламада көзделген тікелей және түпкі нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілуі, облыстық коммуналдық меншікті басқару тиімділігі талданды. Атап айтқанда:
2017 жылғы облыстық бюджеттің кірістерінің орындалуы 500 365,8 млн. теңгені немесе түзетілген бюджетке 100,1% құраған. Оның ішінде (трансферттердің түсімдерін қоспағанда), 17 кіріс көзі бойынша жоспар асыра орындалса, 3 кіріс көзі бойынша жоспар 100%-ға орындалып, 2 кіріс көзі бойынша жоспар орындалмаған. Трансферттердің түсімдері 100%-ға орындалған.
2017 жылы облыстық бюджеттің жалпы шығыс бөлігінде қаралған 518 102,2 млн. теңгенің 517 944,2 млн. теңгесі игеріліп, жоспар 100% орындалған.
2017 жылы облыстық бюджеттің шығыстары бюджеттік қаражаттың үнемделуін, жергілікті атқарушы органның резервтерінің бөлінбеген қалдығын қоспағанда 5,3 млн. теңгеге игерілмей, 2016 жылмен салыстырғанда 7,6 есеге азайған.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан ұсынылған мәліметтеріне сәйкес біздің тарапымыздан талдау жүргізіліп, талдау нәтижесі көрсеткендей, бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша іске асырылған 229 бюджеттік бағдарламалардың 197-і бойынша нәтижелерге қол жеткізілген, 32 бюджеттік бағдарлама бойынша нәтижелерге қол жеткізілмеген.
Облыстық бюджет бойынша 2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына дебиторлық қарыз 19 505,1 млн. теңгені, ал кредиторлық қарыз 21 309,1 млн. теңгені құраған.
2017 жылғы 2016 жылмен салыстырғанда дебиторлық берешек 556,3 млн. теңгеге, ал кредиторлық берешек 21 257,9 млн. теңгеге артқан.
2018 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан 19 505,1 млн. теңге дебиторлық қарыздың ішінде мерзімі өткен дебиторлық қарыз 38,0 млн. теңгені құраған. Яғни 2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына орын алған мерзімі өткен дебиторлық қарыз сомасы 6,8 млн. теңгеге немесе 15,2% төмендеген.
Аудиторлық іс-шараның нәтижесі бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.

28.04.2018 ж.

Баспасөз-Релизі

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында бөлінген қаржылардың тиімді жұмсалуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы ақпарат

Аудиторлық іс-шарамен 15 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды, оның ішінде 12 мемлекеттік мекеме (2-і үстеме аудит іс-шарасымен) және  3 квазимемлекеттік сектор субъектілері (үстеме аудит іс-шарасымен  2 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын және 1 жаупкершілігі шектеулі серіктестігі).

Аудиторлық іс-шарамен 22 963 845,9 мың теңге (республикалық бюджет қаражаты есебінен 21 099 766,9 мың теңге, облыстық бюджет қаражаты есебінен 1 864 079,0 мың теңге) қамтылды, оның ішінде  2016 жылы бюджеттен бөлінген 7 662 719,9 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 6 678 303,9 мың теңге, облыстық бюджетте 984 416,0 мың теңге) және 2017 жылы бюджеттен бөлінген 15 301 126,0 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 14 421 463,0 мың теңге, облыстық бюджетте 879 663,0 мың теңге).

Осы қорытындымен қаралатын жалпы бұзушылықтардың сомасы барлығы 14 820 530,9 мың теңгені құрады (оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 1 155 676,7 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 13 664 854,2 мың теңг) Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының  сомасы 10 253,1 мың теңге болды.

Анықталған 1 155 676,6 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың өтелуге жататыны 207 772,6 мың теңге, аудиторлық іс-шара жүргізу барысында өтелгені 204 390,9 мың теңге, аудит жүргізуден кейін 1566,5 мың теңге  республикалық бюджетке қайтарылған, осыған байланысты өтелуге тиіс қаржылар 1815,2 мың теңгені құрады. Қалпына келтіруге жататыны  947 904,1 мың теңге, аудит барысында қалпына келтірілгені 8932,1 мың теңге, қалпына келтірілетіні 938 972,0 мың теңге.

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша 13 664 854,2 мың теңгеге  22 бірлік бұзушылық фактілері орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында 12 124 375,8 мың теңгеге 12 бірлік, активтерді пайдалану кезінде 1 185 963,1 мың теңге немесе 3 бірлік және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтамау 354 515,3 мың теңгеге 7 бірлік.

Дегенмен, 41 бірлікте мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі өзге де заңнама бұзушылықтары (жүйелі кемшіліктер) анықталды. Жалпы рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша 63 бірлік бұзушылық фактілері орын алған.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс басқармалары тарапынан Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасындағы тікелей нәтиже көрсеткішімен іс-шаралары «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жоспарланған тікелей нәтиже көрсеткіші мен іс-шараларымен байланыстырылмаған.

Сонымен қатар, «Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған “Нұрлы жол”» бағдарламасын іске асыру үшін «Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының» 2017 жылғы жоспарындағы нәтиже көрсеткіштерімен сәйкестендірілмеген.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс басқармалары тарапынан аудитпен қамтылған  2016-2017 жылдары әзірленіп, бекітілген (нақтыланған) бюджеттік бағдарламаларының тікелей және түпкі нәтиже көрсеткіштері «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жоспарланған тікелей нәтиже көрсеткіші мен іс-шараларымен байланыстырылмаған (мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралары мен тікелей нәтиже көрсеткіші жоспарланбаған).

Аудиторлық іс-шара бойынша тиімділік аудитінің  нәтижелері көрсеткендей, бұзушылықтар мен кемшіліктердің негізгі себептерінің бірі құрылыс саласындағы заңнамаларды, бюджеттік және мемлекеттік сатып алу заңнамаларын сақталмауы.

Жалпы, бюджет қаражатының жұмсалуы бойынша сапалы мониторингінің жүргізілмеуі, жоспарды қалыптастыру мен бюджет қаражатын пайдалану кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталмауы, бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына кері әсерін тигізіп отыр.

Бұл өз кезегінде бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, сонымен қатар бюджет  қаржысын пайдалану барысында мемлекеттік мекемелер басшыларының және мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттыруды қажет етеді.

Жоғарда аталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды ескере келе, аудит нәтижесімен мекемелерде және ұйымдарда анықталған бұзушылықтар бойынша бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігі жеткіліксіз деңгейде екендігі танылсын.

Аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқама және Аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.

26.04.2018 ж.

Баспасөз-Релизі

«ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2017 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын және ОҚО 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген тиімділік аудиттің нәтижелері туралы ақпарат

ОҚО бойынша тексеру комиссиясының «Мемлекеттік аудит объектілерінің 2018 жылға арналған тізбесіне» сәйкес «ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2017 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын және ОҚО 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» аудиторлық іс-шарасы 2018 жылдың 19 ақпаны мен 30 наурыз аралығында жүргізілді. Аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша 2 рәсімдік бұзушылық анықталған. Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында 2017 жылы іске асыруға 6 бағыт пен 24 мақсат бойынша 122 нысаналы индикаторлар қарастырылған. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 59 (68%) нысаналы индикаторларға нақты қол жеткізілген, 16 индикатордың есеп беретін мерзімі келмеген, 10 индикаторларға қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша 37 индикаторлар қосылған. Бұл индикаторлардың орындалуы бойынша есептілік ұсыну 2018 жылға жоспарланған. Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іс-шаралар жоспары бойынша 2017 жылдың қорытындысымен іс-шаралардың 201 орындалып, 4 іс-шаралар орындалмаған. Жалпы бюджеттік инвестициялық жобаларға бөлінген қаржылар 33 760 715,0 мың теңгеге қысқартылған, оның ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне тәуелді емес себептермен 18 771 320,0 мың теңге (3 619 199,0 мың теңге мемлекеттік сатып алудан және нақты жұмыстардан үнемделген, 3 054 763,0 мың теңге Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі ауысуына байланысты, 9 544 689,0 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы трансфертер бөлінуіне немесе қысқаруына байланысты, 2 552 669,0 мың теңге сот процесстері, қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізілуіне және басқа да себептерге байланысты). Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы тарапынан 2016 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы туралы есебінде берілген ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізіліп, талдау барысында 2 ұсынымдар өз деңгейінде орындалмағаны анықталды.

19.04.2018 г.

Баспасөз-Релизі

«Шардара ауданының 2017 жылға арналған бюджетінің атқарылуын бағалау» сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен 1 мемлекеттік мекеме қамтылды. Аудитпен қамтылған сома 349199,0 мың теңгені құрады. Қаржылық бұзушылықтар анықталған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Шардара ауданының 2017 жылға арналған бюджетінің атқарылуын бағалау» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, аудит объектісіне аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.

19.04.2018 ж.

Баспасөз-Релизі

«Түркістан қаласының 2017 жылға арналған бюджетінің атқарылуын бағалау» тиімділік аудит нәтижелері туралы ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен 1 мемлекеттік мекеме қамтылды.Аудитпен қамтылған сома 225 444,0 мың теңгені құрады. Жалпы
аудиторлық іс-шара бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы 6,8 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 6,8 мың теңге.Жалпы өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы 6,8 мың теңгені құрады. Аудиторлық іс-шара барысында бюджетке өтелгені 6,8 мың теңге.Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Түркістан қаласының 2017 жылға арналған бюджетінің атқарылуын бағалау» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектісіне нұсқама және аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.

16.04.2018 г.

Баспасөз-релизі

«Төлеби ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына және Төлеби ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген тиімділік аудиттің нәтижелері туралы ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының  мемлекеттік аудит объектілерінің 2017 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Төлеби ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына және Отырар ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» іс-шарасы 2017 жылдың 24 тамызынан 27 қазаны аралығында жүргізілді.Аудиторлық іс-шарамен жалпы 37 мемлекеттік аудит объектісі  қамтылды.Жалпы аудитпен 24 516 364,9 мың теңге қамтылды.Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы  2 425 404,8 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтірілуге жататыны 2 421 792,1 мың теңге, өтелуге жататыны 3612,7 мың теңге. Аудиторлық іс-шара барысында 17 511,0 мың теңгесі қалпына келтірілген болса, 1815,2 мың теңгесі  өтелді.Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 1 713 960,1 мың теңгеге 105 бірлік бұзушылық фактілері орын алған.Аумақтарды  даму бағдарламасының  іске  асыру  жөніндегі   іс – шаралар жоспары бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген көрсеткіштерден 8 индикаторлық көрсеткіш және 11 нәтижелік көрсеткіш  жоспарға  сәйкес орындалмай  қалған.Аудиторлық іс-шараның нәтижесімен әзірленген аудиторлық қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер  жолданды.

16.04.2018 ж.

Баспасөз-релизі

«Отырар ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына және Отырар ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген тиімділік аудиттің нәтижелері туралы ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2017 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Отырар ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына және Отырар ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» іс-шарасы 2017 жылдың 21 тамызынан  27 қазаны аралығында жүргізілді. Аудиторлық іс-шарамен 36 мемлекеттік аудит объектісі қамтылды.Жалпы аудитпен 24 940 446,4 мың теңге қамтылып, анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы  266 515,3 мың теңгені құрады. Оның ішінде қалпына келтірілуге жататыны 253 902,2 мың теңге, өтелуге жататыны 12 613,1 мың теңге. Аудиторлық іс-шара барысында 253 902,0 мың теңге бұзушылық сомасы толығымен қалпына келтірілген болса, өтелуге жататын қаржының     308,2 мың теңгесі  өтелді. Аудиторлық іс-шара бойынша қорытынды әзірлеу барысында 32,3 мың теңге бюджетке өндірілді. Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша барлығы 847 480,8 мың теңгеге 111 бірлік бұзушылық фактілері орын алған. Отырар ауданының даму бағдарламасында 2016 жылы іске асыруға жоспарланған 31 нысаналы индикатордың ішінде 27 индикаторы орындалып, 4 нысаналы индикатордың жоспары толық орындалмаған. 2016 жылға жоспарланған 76 нәтиже көрсеткішінің 75  орындалып,1 нәтиже көрсеткішінің жоспары толығымен орындалмаған. Аудиторлық іс-шараның нәтижесімен әзірленген аудиторлық қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және Аудиторлық қорытындыдан үзінділер  жолданды.

16.08.2018 ж.
Пресс-Релиз

«Мақтарал ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының жұмсалуына,Мақтарал ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы ақпарат

Аудиторлық іс-шарамен 38 аудит объектісінде 43963311,5 мың теңге қамтылды. Жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 1385342,7 мың теңгені құрады, оның ішінде аудиторлық іс-шара жүргізу барысында 1383220,7 мың теңгесі қалпына келтірілсе, өтелуі тиіс 2122,0 мың теңгенің 1795,5 мың теңгесі бюджетке өндірілді. Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы сомасы 7242349,5 мың теңгеге 181 бірлік орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында 6095770,6 мың теңгеге 156 бірлік, мемлекеттік сатып алу бойынша 134890,4 мың теңгеге 1 бірлік және бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жүргізу барысында 1011688,5 мың теңгеге 32 бірлік орын алған. Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 20 объект бойынша 23 материалдар жолданды.Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Мақтарал ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының жұмсалуына, Мақтарал ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітіп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және Аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

15.01.2018 г.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына 11 аудиторлық іс-шарасы аяқталып, аудиторлық іс-шараларының шеңберінде 248 аудит объектісі және 429 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 270 101 276,5 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 172 805 564,2 мың теңгені (қаржылық бұзушылықтар 6 499 973,3 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 161 357 039,2 мың теңге, тиімсіз жоспарланған және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 4 948 551,7 мың теңге) құраған. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 6 499 973,3 мың теңге болса, оның ішінде 2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 6 282 803,7 мың теңгені құрап, қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 4 923 446,1 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 77,7% орындалған.

Жалпы ақшалай түрде өтелгені 1 157 933,6 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 3 765 512,5 мың теңгені құраған.

11 аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 215 лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған (оның ішінде 193 тәртіптік, 22 әкімшілік жауапкершілікке).

11 аудиторлық іс-шаралар бойынша уәкілетті органдарға әкімшілік іс қозғау үшін 42 материал жолданып, 11 390,3 мың теңге айыппұл салынған. Оның ішінде сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 іс қарау үшін жолданып, 4 іс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1123,2 мың теңге айыппұл салынды.

2017 жылдың 12 айында құқық қорғау органдарына анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 3 материал жолданған.

25.12.2017 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың 9 айында 11 аудиторлық іс-шарасы аяқталып, аудиторлық іс-шараларының шеңберінде 248 аудит объектісі және 429 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі 270 101 276,5 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 172 805 564,2 мың теңгені (қаржылық бұзушылықтар 6 499 973,3 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 161 357 039,2 мың теңге, тиімсіз жоспарланған және тиімсіз жаратылған қаржы 4 948 551,7 мың теңге) құраған.  Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс  қаржы көлемі 6 499 973,3 мың теңге болса, оның ішінде  2017 жылдың 1 қазандағы жағдайына қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 4 900 293,8 мың теңгені құрап, есепті кезеңге 100,0% орындалған.

Жалпы ақшалай түрде өтелгені 1 145 207,0 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 3 755 086,8 мың теңгені құраған.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 172 лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған (оның ішінде 153 тәртіптік, 19 әкімшілік жауапкершілікке).

2017 жылдың 9 айында құқық қорғау органдарына анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 3 материал жолданған.

2017 жылдың 9 айының қорытындысымен уәкілетті органдарға әкімшілік іс қозғау үшін 42 материал жолданып, 15 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  3 471,5 мың теңге айыппұл салынған. Ал, 2016 жылы жолданып, қаралу сатысында болған 4 материалдардың ішінде 2017 жылдың 9 айында 1 материал бойынша 226,9 мың теңге айыппұл салынған.

Сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 іс қарау үшін жолданып, 4 іс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 123,2  мың теңге айыппұл салынды.

03.10.2017 ж.

Пресс-Релиз

«Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы және оған қарасты ұйымдармен бюджет қаражатын, мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігіне аудит жүргізу» бойынша  жүргізілген аудиттің нәтижелері  туралы  ақпарат

Аудиторлық  іс-шарамен  50 аудит объектісінде  86 082 746,7 мың теңге қамтылды. Жалпы анықталған бұзушылықтар сомасы 66 996 087,9 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтардың сомасы 120 985,7 мың теңге. Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында 27 855,5 мың теңгесі қалпына келтірілді және 8 880,5 мың теңгесі бюджетке өндірілді.

Аудит іс-шарасынан кейін 6878,7 мың теңге бюджетке өтелді.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы сомасы  62 608 942,7 мың теңгеге 55 бірлік орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында 37 389 254,7 мың теңгеге 34 бірлік, активтерді пайдалану кезінде 23 595 901,2 мың теңгеге 13 бірлік, мемлекеттік сатып алу саласында 4777,0 мың теңгеге 2 бірлік, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде 1 619 009,8 мың теңгеге 6 бірлік.

Сонымен қатар, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 4 266 159,5 мың теңгені құрады.

Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесімен  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің  ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 2 объект бойынша 4 материалдар жолданды.

Аудит іс-шарасын жүргізу барысында және қорытынды әзірлеу барысында 12 аудит  объектілерінің   14 лауазымды тұлғаларына тәртіптік шаралар қолданылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен  «Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы және оған қарасты ұйымдармен бюджет қаражатын, мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігіне аудит жүргізу»  аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітіп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер  жолданды.

 22.08.2017 ж.

Пресс-Релиз

«Облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының”  жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша және Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларын іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарының тиімді жұмсалуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша ақпарат

Аудиторлық іс-шарамен 25 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды, оның ішінде 8 мемлекеттік мекеме (3-і үстеме аудит іс-шарасымен) және 17 коммуналдық мемлекеттік мекеме.

Аудиторлық іс-шарамен 31 052 845,7 мың теңге қамтылды.  Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен жалпы 16 269 410,9 мың теңге бұзушылықтар анықталған, оның ішінде  қаржылық бұзушылықтар сомасы 1 870,1 мың теңгені және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың сомасы  16 267 540,8 мың теңгені құрады.

Анықталған 1 870,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың өтелуге жататыны 997,9 мың теңге, аудиторлық іс-шара жүргізу барысында өтелгені 106,1 мың теңге, өтелуге тиіс қаржылар 891,8 мың теңге. Қалпына келтіруге жататыны 872,2 мың теңге, аудит барысында қалпына келтірілгені 21,2 мың теңге, қалпына келтірілетіні 851,0 мың теңге.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  1 объект бойынша материалдар жолданды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының”  жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша және Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларын іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарының  тиімді жұмсалуына аудит жүргізу» аудиторлық  іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

16.08.2017 ж.

Баспасөз-Релизі

«Денсаулық сақтау және білім объектілерін салу және реконструкциялауға бөлінген қаржылардың тиімді жұмсалуына аудит жүргізу»  сыртқы мемлекеттік  аудит  нәтижелері туралы  ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 10 мемлекеттік мекемелер қамтылды.

Аудитпен қамтылған сома 17 805 652,7 мың теңгені құрады. Жалпы аудиторлық іс-шара бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы  748 213,3 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 189 431,9 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 558 781,4 мың теңге.

Жалпы өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы 189 431,0 мың теңгені құрады. Аудиторлық іс-шарадан кейін бюджетке өтелгені 1 294,4 мың теңге, өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы қалдығы 188 137,5 мың теңге.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  1 объект бойынша материалдар жолданды.

Процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  департаментіне   1 объект бойынша аудиторлық есеп материалдары жолданды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Денсаулық сақтау және білім объектілерін салу және реконструкциялауға бөлінген қаржылардың тиімді жұмсалуына аудит жүргізу»  аудиторлық    іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

23.07.2017 ж. 

Пресс-Релиз

«ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттен бөлінген қаражаттардың тиімді пайдаланылуына, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына аудит жүргізу»   бойынша  жүргізілген аудиттің нәтижелері  туралы  ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының  мемлекеттік аудит объектілерінің 2017 жылға арналған тізбесіне сәйкес «ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттен бөлінген қаражаттардың тиімді пайдаланылуына, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына аудит жүргізу»  сыртқы мемлекеттік аудит  іс-шарасы (2017 жылдың 03 мамырынан 19 маусым аралығы) қаралған 9 аудит объектісінде жүргізілді.

Аудиторлық іс-шарамен 3 105 687,0 мың теңге (республикалық бюджет қаражаты 437 775,0 мың теңге) қамтылып,  жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 169,8 мың теңгені құрады.

Оның ішінде өтелуге барлығы 169,8 мың теңге. Аудит барысында өтелгені 63,5 мың теңге болса, өтелуге тиіс сомасының қалдығы 106,3 мың теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, бюджет қаражатын пайдалану барысында 11 бірлік 428 506,2 мың теңгеге рәсімдік бұзушылық фактілері орын алған.

Аудит барысында және аудиттен кейін 6 аудит  объектілерінің   7 жауапты  тұлғаларына «ескерту» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен  «ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бюджеттен бөлінген қаражаттардың тиімді пайдаланылуына, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне Нұсқама және Аудиторлық қорытындыдан үзінділер  жолданды.

23.07.2017 ж.

Пресс-Релиз

 «Облыстық білім басқармасының жекелеген  бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуына аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік аудит  іс-шарасы бойынша  жүргізілген аудиттің  нәтижелерінің аудиторлық қорытындысы  туралы» ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен жалпы 37 мемлекеттік аудит объектілері қамтылған, оның ішінде 1 мемлекеттік мекеме, 36 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.

Аудитпен қамтылған сома 25 710 759,4 мың теңгені құрады. Жалпы аудиторлық іс-шара бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы  2428789,1 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 370 403,3 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 2 058 385,8 мың теңге.

Жалпы бюджетке өтелуге жататын қаржы 1 771,1 мың теңгені құрап, аудиторлық іс-шара жүргізу барысында өтелгені 684,0 мың теңге, өтелуге жататын қаржы қалдығы 1 087,1 мың теңге.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  4 объект бойынша материалдар жолданды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Облыстық білім басқармасының жекелеген  бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық    іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

14.07.2017 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының   2017 жылдың 1 шілдедегі жағдайына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың 1 шілдедегі жағдайына 6 аудиторлық іс-шарасы аяқталып, аудиторлық іс-шараларының шеңберінде 117 аудит объектісі және  363 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі 106 328 514,0 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 85 935 164,7 мың теңгені (қаржылық бұзушылықтар 5 817 890,1 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 79 434 882,3 мың теңге, тиімсіз жаратылған қаржы 682 392,3 мың теңге) құраған.  Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс  қаржы көлемі 5 817 873,4 мың теңге болса, оның ішінде  2017 жылдың 1 шілдедегі жағдайына қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 4 471 682,6 мың теңгені құрап, есепті кезеңге 100,0% орындалған.

Жалпы ақшалай түрде өтелгені 1 115 510,6 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 3 356 172,0 мың теңгені құраған.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 61 лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған (оның ішінде  46 тәртіптік, 15 әкімшілік жауапкершілікке).

2017 жылдың І-жартыжылдығында құқық қорғау органдарына анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 2 материал жолданған.

2017 жылдың І-жартыжылдығының қорытындысымен уәкілетті органдарға әкімшілік іс қозғау үшін 12 материал жолданып, 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  2 495,6 мың теңге айыппұл салынған. Ал, 2016 жылы жолданып, қаралу сатысында болған 4 материалдардың ішінде 2017 жылдың І-жартыжылдығында 1 материал бойынша 226,9 мың теңге айыппұл салынған.

Сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 іс қарау үшін жолданып, 4 іс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 123,2  мың теңге айыппұл салынды.

14.07.2017 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылдың 2-ші тоқсаңында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2017 жылдың 1 шілдедегі жағдайына 6 аудиторлық іс-шарасы аяқталып, аудиторлық іс-шараларының шеңберінде 117 аудит объектісі және      363 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі 106 328 514,0 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 85 935 164,7 мың теңгені (қаржылық бұзушылықтар 5 817 890,1 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 79 434 882,3 мың теңге, тиімсіз жаратылған қаржы 682 392,3 мың теңге) құраған.  Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс  қаржы көлемі 5 817 873,4 мың теңге болса, оның ішінде  2017 жылдың 1 шілдедегі жағдайына қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 4 471 682,6 мың теңгені құрап, есепті кезеңге 100,0% орындалған.

Жалпы ақшалай түрде өтелгені 1 115 510,6 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 3 356 172,0 мың теңгені құраған.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 61 лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған (оның ішінде 46 тәртіптік, 15 әкімшілік жауапкершілікке).

2017 жылдың І-жартыжылдығында құқық қорғау органдарына анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 2 материал жолданған.

2017 жылдың І-жартыжылдығының қорытындысымен уәкілетті органдарға әкімшілік іс қозғау үшін 12 материал жолданып, 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  2 495,6 мың теңге айыппұл салынған. Ал, 2016 жылы жолданып, қаралу сатысында болған 4 материалдардың ішінде 2017 жылдың І-жартыжылдығында 1 материал бойынша 226,9 мың теңге айыппұл салынған.

Сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 іс қарау үшін жолданып, 4 іс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 123,2  мың теңге айыппұл салынды.

22.06.2017 ж.

Пресс-релизі

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылдың 1 тоқсанының қорытындысымен атқарған жұмыстары туралы

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес тексеру комиссияларына тиісті әкімшілік –аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділік аудитін жүзеге асыру өкілеттіктері берілген.

Мемлекеттік аудит– мемлекеттің бюджет қаражаты мен мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген басқа қызмет кезінде тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру.
Мемлекеттік аудиттің басты мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады және қаржылық тәртіпті күшейту, халықтың әл-ауқатын жақсарту мен елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Осы негізгі бағытта ОҚО бойынша тексеру комиссиясы өз тарапынан жүктелген міндеттемелері бойынша бірқатар жұмыстарды жүргізіп отыр.           Атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып кетер болсақ, жалпы  2017 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына 3 аудиторлық іс-шара аяқталып, осы аудиторлық іс-шараларының шеңберінде 65 аудит объектісі және 234 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі 58 892 447,0 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 36 191 112,2 мың теңгені (қаржылық бұзушылықтар 2 648 107,4 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 33 543 004,8 мың теңге) құраған.  Жалпы 2017 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс  қаржы көлемі 2 648 107,4 мың теңге болса, оның ішінде  2017 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына қалпына келтірілгені және өтелген қаржы көлемі 1 192 378,2 мың теңгені құрады. Оның ішінде мерзімі келгені 401 032,2 мың теңгені құрап, есепті кезеңге 100,0% орындалған. Есепті кезеңге мерзімі келмеген 791 346,0 мың теңге бюджетке өтелген.

Ақшалай түрде өтелгені 876 368,1 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 316 010,1 мың теңгені құраған.

Жалпы, кейбір мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер тарапынан бюджет қаражатының жұмсалуы бойынша сапалы мониторингінің жүргізілмеуі, жоспарды қалыптастыру мен бюджет қаражатын пайдалану кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталмауы, бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына кері әсерін тигізіп отырған.

Бұл өз кезегінде бюджетті жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, сонымен қатар бюджет  қаржысын пайдалану барысында мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер басшыларының жауапкершілігін арттыруды қажет етеді.

Жоғарыда аталған  аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша бақылау объектілеріне барлығы 175 тапсырмалар мен ұсынымдар жолданып, оның 2017 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына мерзімі келмеген барлығы 21 тапсырмалар мен ұсынымдар орындалған.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған фактілер жөнінде 1 аудит материалдары белгіленген тәртіпте процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Бүгінгі таңға тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 23 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 16 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 7 лауазымдық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2017 жылдың І-тоқсанының қорытындысымен ОҚО бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне мемлекеттік сатып алу және бюджеттік есептілікті бұзу фактілері бойынша 11 материал жолданып, 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  453,8 мың теңге айыппұл салынған. Ал, 9 материал қаралуда.           Сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 іс қарау үшін жолданып, 4 іс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 123,2  мың теңге айыппұл салынды. 1 іс  қысқартылған.  Мемлекеттік аудит нәтижелерінің қорытындысымен лауазымды тұлғалармен нормативтік-құқықтық актілерді сақтамау фактілері бойынша тиісті мәслихаттарға  ұсыныстар енгізіліп,  тиісті әкімдіктерге ақпараттар жолданды.

«ОҚО бойынша тексеру комиссиясының 2016-2018 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының» орындалуы бойынша да тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының ресми Веб-сайтына 09.01.2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-қимыл шаралары жөніндегі мәлімет енгізілген. Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарының сақталуы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарын сақтау жөніндегі атқарылған шаралары жөніндегі мәліметтер енгізілген. Сондай-ақ, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын бұзу, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық іс-әрекет тудыратын фактілер бойынша сенім телефоны арқылы хабарласуға, сондай ақ мекеменің бақылау кітабына жазбаша түрде жеткізуіне болатындығы туралы» хабарландырулар жүйелі түрде жарияланып отырады.

Қазіргі кезде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ішкі және сыртқы) – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу екендігі көрсетілгеніне байланысты, заңның талаптарын орындау үшін және аудит жүргізген  аудиторлардың қызметін талдау, сондай-ақ  аудиторлардың жұмысын жақсартуды қажет ететін бағыттарды анықтау мақсатында, аудит объектілерінде аудит іс-шарасы жүргізілген объекті басшылары мен бас бухгалтерлеріне және аудит іс-шарасына қатысты басқа да қызметкерлерге сауалнама жүргізу үрдіске айналып келеді.

Тағы бір ең басты мәселенің бірі – кадрлардың біліктілігін арттыру. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы №404 Жарлығымен бекітілген Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» Қағидасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының  51 мемлекеттік қызметші аттестатталуға жатқызылды. Нәтижесінде 50 мемлекеттік қызметші жеке құзыреттерді бағалайтын тесттен өтіп, әңгімелесу кезеңіне қатысып, «атқаратын лауазымына сай» деген нәтижелерін алды.

Сонымен қатар, техникалық оқу, семинарлар, тренингтер және басқа да іс-шараларды өткізу  арқылы мемлекеттік аудиторлардың кәсіби деңгейін одан әрі арттыру қажеттілігіне баса көңіл бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

26.04.2017 ж.

Пресс-релизі

«ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2016 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына және Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген тиімділік аудиттің нәтижелері туралы ақпарат

ОҚО бойынша тексеру комиссиясының «Мемлекеттік аудит объектілерінің  2017 жылға арналған тізбесіне» сәйкес «ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2016 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына және Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы 2017 жылдың 15 ақпаны мен 31 наурыз аралығында жүргізілді.

Аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша 1 781 469,8 мың теңгені құрайтын 11 рәсімдік бұзушылық анықталған.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында 2016 жылы іске асыруға 6 бағыт пен 22 мақсат бойынша 83 нысаналы индикаторлар қарастырылған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 63 (76%) нысаналы индикаторларға нақты қол жеткізілген, 9 индикатордың есеп беретін мерзімі келмеген, 1 индикатор бойынша мәлімет алу көздері қаралмаған, 10 индикаторларға қол жеткізілмеген. Оның ішінде,  жыл соңында орындалмайтын нысаналы индикаторлардың сандық көрсеткіштері орындалуы жағына қарай өзгертілсе де жыл қорытындысымен 4 нысаналы индикатор орындалмаған.

Облыстың даму бағдарламасында қаралған жекелеген нысаналы индикаторлар аудандардың даму бағдарламасында қаралмаған.

Даму бағдарламасының 4 нысаналы индикаторларының 2016 жылға асыра орындалған. Алайда, осы индикаторлар бойынша 2017-2018 жылдары жоспарланған көрсеткіштер төмен деңгейде қаралған.

Мәдениет және білім салалары бойынша 2016 жылғы облыстың Даму бағдарламасының іс-шаралар жоспарында тиісті іс-шаралар және олардың қаржыландыру көзі толық қамтылмаған.

Жалпы бюджеттік инвестициялық жобалар 24 763 050,0 мың теңгеге қысқартылған, оның ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне тәуелді емес себептермен 16 615 383,0 мың теңге (486 462,0 мың теңге мемлекеттік сатып алудан және нақты жұмыстардан үнемделген, 13 800 797,0 мың теңге бірыңғай бюджеттік сыныптаманың өзгеруіне байланысты, 2 328 124,0 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы трансфертер бөлінуінен) және 8 147 667, 0 мың теңге жоспарлау барысында өз дәрежесінде сараланбаған бюджеттік инвестициялық жобалар.

Бұл ретте, қаржыларды қысқартудың негізгі себептері – мемлекеттік сатып алу процедураларының созылуы, жер мәселесінің шешілмеуі, сот процесстері, пайдалануға берілген құрылыс нысандарына қаржының қаралуы, құрал-жабдықтардың жеткізілмеуі, құрылыс-монтаж жұмыстарының баяу жүргізілуі.

Даму бюджетін жоспарлауға негіз болатын бастапқы  құжаттар толық болмай бюджетке қаржы жоспарлаулар орын алған және тоқсандар қорытындысымен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеу тиісті деңгейде жүргізілмеген.

Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы тарапынан 2015 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы туралы есебінде берілген ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізіліп, талдау барысында 4 ұсынымдар өз деңгейінде орындалмағаны анықталды.

Пресс-Релизі

26.04.2017 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасында 2016 жылдың бюджетін жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына аудит жүргізу  аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы ақпарат

ОҚО бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылға арналған аудиторлық тізбеге сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасында» 2016 жылдың бюджетін жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына аудит жүргізу аудиторлық  іс – шарасы 2017 жылдың 23 ақпанынан 31 наурыз аралығында жүргізілді. Іс – шара барысында «Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінде және “Қажымұқан атындағы орталық стадионы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында үстеме тексеру жүргізілді.

Жалпы мемлекеттік аудитпен 1 497 845,0 мың теңге қамтылған. Іс – шара нәтижесінде төмендегі  бұзушылықтар анықталды:

  • жалпы 758 120,6 мың теңгені құрайтын 5 рәсімдік бұзушылық, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану кезінде – 408 912,6 мың теңгеге 4 бұзушылық, активтерді пайдалану кезінде – 349 208,0 мың теңгеге 1 бұзушылық;
  • 204 456,3 мың теңгеге 1 қаржылық бұзушылық;

3) тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты бойынша – 204 456,3 мың теңгеге 1 бұзушылық.

Жүргізілген аудиторлық іс – шара нәтижесімен анықталған  “Қажымұқан атындағы орталық стадионы” МКҚК – ның есеп шотында пайдаланбай қалған 204 456,3 мың теңге толық республикалық бюджетке өндірілді. Аудит нәтижесі бойынша жіберген кемшілігі үшін тиісті 2 лауазымды тұлғаларына «ескерту» түрінде тәртіптік шаралар көрілді.

2015 жылдың 9 желтоқсанында облыстық мәслихаттың № 44/351 – V шешімімен 2016 жылдарға арналған облыстық бюджеттің кіріс бөлігі 268 357 092,0 мың теңге, шығындар 268 275 994,0 мың теңге болып бекітілген. Облыстық мәслихаттың шешімімен 2016 жылы бюджетке 5 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2016 жылға облыстық бюджеттің көлемі кірістер 466 427 570,0 мың теңге, шығындар 467 617 558,0 мың теңге болып нақтыланған.

2016 жылы 28 бюджеттік бағдарлама әкімшісі тарапынан 245 бюджеттік бағдарлама іске асырылып, оның 11 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 35 бюджеттік бағдарламаларда көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге толығымен қол жеткізбеген.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша игерілмеген бюджет  қаражатының көлемі 40 395,2 мың теңгені құраған. Оның ішінде, ағымдағы бағдарламалар бойынша 37 143,5 мың теңге, даму бюджеті бойынша 3 251,7 мың теңге.

28 бюджеттік бағдарлама әкімшілері бөлігінде қомақты қаржының игерілмеуі денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жер инспекциясы басқармалары бойынша орын алған.

«Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасында» 2016 жылдың бюджетін жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына аудит жүргізу іс – шарасының аудиторлық қорытынды ОҚО бойынша тексеру комиссиясымен бекітіліп, аудиторлық қорытындыдан үзінділер «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне және аудитпен қамтылған басқа да объектілерге жолданды. Аудиторлық іс-шара барысында жинақталған мәліметтер облыстық бюджетінің атқарылуы туралы тексеру комиссиясының есебін дайындалған кезінде пайдаланады.

Пресс-Релизі

20.04.2017

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат 

2017 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына 3 аудиторлық іс-шара аяқталып, аудиторлық іс-шаралардың шеңберінде 65 бақылау объектісі және 234 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі 58 892 447,0 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 36 191 112,2 мың теңгені (қаржылық бұзушылықтар 2 648 107,4 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 33 543 004,8 мың теңге)  құраған. Жалпы 2017 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына қалпына келтірілуі тиіс  қаржы көлемі 2 648 107,4 мың теңге болса, оның ішінде  2017 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына қалпына келтірілгені және өтелген қаржы көлемі 1 192 378,2 мың теңгені құрады. Оның ішінде мерзімі келгені 401 032,2 мың теңгені құрап, есепті кезеңге 100,0% орындалған.  Есепті кезеңге мерзімі келмеген 791 346,0 мың теңге бюджетке өтелген.

Жалпы ақшалай түрде өтелгені 876 368,1 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 316 010,1 мың теңгені құраған.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 23 лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған (оның ішінде 16 тәртіптік, 7 әкімшілік жауапкершілікке).

2017 жылдың І-тоқсанында құқық қорғау органдарына анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 1 материал жолданған.

2017 жылдың І-тоқсанының қорытындысымен уәкілетті органдарға әкімшілік іс қозғау үшін 11 материал жолданып, 2 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  453,8 мың теңге айыппұл салынған. 9 материал қаралуда. Ал, 2016 жылдың қорытындысымен жолданған 4 материалдар қаралуда болатын. 2017 жылдың І-тоқсанында 1 материал бойынша 226,9 мың теңге айыппұл салынып, 3 әкімшілік іс бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған.

Сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 іс қарау үшін жолданып, 4 іс бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 123,2  мың теңге айыппұл салынды. 1 іс  қысқартылды.

 Пресс-Релиз

11.04.2017

«Сарыағаш ауданы  бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Сарыағаш ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» бойынша  жүргізілген аудиттің нәтижелері  туралы  ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының  мемлекеттік аудит объектілерінің 2017 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Сарыағаш ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақыттылы түсуін және қалалық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына және Сарыағаш ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау»  сыртқы мемлекеттік аудит  іс-шарасы (2017 жылдың 16 қаңтарынан 24 наурыз аралығы) бойынша қаралған 48 аудит объектісінде аудит (15 аудит объектісі үстеме бақылау ) іс-шарасы жүргізілді.

Аудиторлық іс-шарамен 44 734 178,0 мың теңге  қамтылып,  жалпы анықталған бұзушылықтар сомасы 2 965 326,4 мың теңгені құрады.

Оның ішінде қалпына келтірілуге жататыны 2 959 173,0 мың теңге, өтелуге жататыны 6 136,7 мың теңге, барлығы 2 965 309,7 мың теңгені құраған. Қалпына келтірілетін 2  959 173,0 мың теңгенің аудиторлық іс-шара барысында 2 906 203,0 мың теңге және аудиторлық қорытынды әзірлеу барысында  52 970,0 мың теңге қалпына келтірілді. Өтелуге жататын 6 136,7 мың теңгенің аудит барысында өтелгені 1 682,5 мың теңге болса, аудит қорытындысын әзірлеу барысында 93,3 мың теңге, барлығы  1 775,8 мың теңге болса, өтелуге тиіс сомасының қалдығы 4 360,9 мың теңгені құрап отыр.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 43 830 223,1 мың теңгеге 110 бірлік бұзушылық фактілері орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында  97 бірлік  36  433 748,6 мың теңгеге, активтерді пайдалану барысында 1 бірлік  6 052 365,0 мың теңгеге, мемлекеттік сатып алу саласы бойынша 3 бірлік 850 393,1 мың теңгеге, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік бойынша  8 бірлік  15 780,4 мың теңгеге және тиімсіз жоспарланған қаражат сомасы 477 936,0 мың теңгені құрайтын 1 бірлік рәсімдік бұзушылық фактілері орын алған.

Жүргізілген бақылаудың нәтижесімен бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бұзу фактілері бойынша алты іс материалдары тиісті уәкілетті органдарға жолданып, бес іс материлдары бойынша 1 134,5 мың теңге айыппұл салынды, ал бір мекеме бойынша іс материалдары қаралуда. Сонымен қатар бір кәсіпорын тексеру комиссиясына мәліметтерді, құжаттамаларды, ақпаратты және материалдарды ұсынуы туралы талабын орындамағаны және бір мекеме кредиторлық берешектер туралы есептіліктерді жасау кезінде бұрмалаушылыққа жол берілгендігі үшін  жауапты тұлғаларды  Әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына  жолданып, 351,7 мың теңге айыппұл салынды.

«Сарыағаш ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің №2 Абай аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік қоммуналдық қазыналық кәсіпорнында жүргізілген үстеме бақылаудың қорытындысымен ОҚО бойынша кірістер департаментіне 10.03.2017 жылы №08/789 санды хатпен  іс құжаттар процессуалды шешім қабылдау үшін жолданды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен  «Сарыағаш ауданы  бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Сарыағаш ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау»  аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітіп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және Аудиторлық қорытындыдан үзінділер  жолданды.

Пресс-Релиз

03.04.2017

«Түркістан қаласы бойынша түсімдердің қалалық бюджетке толық және уақыттылы түсуін және қалалық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына және Түркістан қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» сыртқы мемлекеттік аудит  іс-шарасы бойынша  жүргізілген аудиттің нәтижелерінің аудиторлық қорытындысы туралы» ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының  мемлекеттік аудит объектілерінің 2017 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Түркістан қаласы бойынша түсімдердің қалалық бюджетке толық және уақыттылы түсуін және қалалық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына және Түркістан қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау»  сыртқы мемлекеттік аудит  іс-шарасы (2017 жылдың 16 қаңтарынан 13 наурыз аралығы) бойынша қаралған 33 аудит объектісінде аудит іс-шарасы жүргізілді.

Аудиторлық іс-шарамен 40 899 077,0 мың теңге (республикалық бюджет қаражаты 5 309 348,5 мың теңге)  қамтылып,  жалпы анықталған бұзушылықтар сомасы 667 252,0 мың теңгені құрады.

Оның ішінде өтелуге жататыны 1 740,6 мың теңге, аудиторлық іс-шара жүргізу барысында өтелгені 1 296,1 мың теңге, өтелуге тиіс қаржылар 444,5 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 665 511,4 мың теңге, аудит барысында қалпына келтірілгені 312 110,8 мың теңге, қалпына келтірілетіні 353 400,6 мың теңге.

Сонымен қатар, бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 650,6 мың теңгені құрап, мемлекеттік аудит барысында түскені 312,1 мың теңге, түсуге жататыны 338,5 мың теңге.

Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша 620 965,4 мың теңгеге 73 бірлік бұзушылық фактілері орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында 398 385,6 мың теңгеге (тиімсіз пайдаланылған бюджет қаржысы 389,0 мың теңге) 49 бірлік, активтерді пайдалану кезінде 2 628,5 мың теңгеге 2 бірлік, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтамау 33 521,4 мың теңгеге 5 бірлік, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептіліктің саласы бойынша 186 429,9 мың теңге 17 бірлік.

Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша 104102 және 104302 салықтық сыныптама кодтарынан 2016 жылдың 1 қазанына 999,0 мың теңгеге берешектер пайда болған.

Жүргізілген бақылаудың нәтижесімен бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бұзу фактілері бойынша 3 бірлік, мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзу фактілері бойынша 1 бірлік іс материалдары тиісті уәкілетті органдарға жолданды.

Аудит барысында 8 аудит  объектілерінің  7 лауазымды тұлғаларына «ескерту», 1 лауазымды тұлғаға «сөгіс» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар мен қорытындыдан үзінді  жолданды.

Пресс-Релиз

03.04.2017

Шардара ауданы  бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Шардара ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау   бойынша  жүргізілген аудиттің нәтижелері  туралы  ақпарат

Аудиторлық  іс-шарамен  27 аудит объектісінде  17 993  370,0 мың теңге қамтылды. Жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 123 279,8 мың теңгені құрады, оның ішінде аудиторлық іс-шара жүргізу барысында 3 899,3 мың теңгесі қалпына келтірілді және 83 413,9 мың теңгесі бюджетке өндірілді.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы сомасы  31 120 989,6 мың теңгеге 176  бірлік  орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында 29 211 426,5 мың теңгеге 141 бірлік, мемлекеттік сатып алу саласында 1 909 563,1 мың теңгеге 35 бірлік.

Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесімен  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің  ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 2 объект бойынша 3 материалдар жолданды.

Аудит іс-шарасын жүргізу барысында және қорытынды әзірлеу барысында 6 аудит  объектілерінің   7 лауазымды тұлғаларына тәртіптік шаралар қолданылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен  «Шардара ауданы  бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Шардара ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау»  аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітіп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және Аудиторлық қорытындыдан үзінділер  жолданды.

Пресс-Релиз

07.02.2017

«ОҚО ішкі істер департаменті, оның аумақтық бөлімшелері тарапынан салынатын әкімшілік айыппұлдардың жергілікті бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуіне аудит жүргізу» іс-шарасы нәтижесінің аудиторлық қортындысы туралы мәлімет

ОҚО бойынша тексеру комиссиясының 2016-2017 жылдарға арналған аудиторлық тізбеге сәйкес, «Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті, оның аумақтық бөлімшелері тарапынан салынатын әкімшілік айыппұлдардың жергілікті бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуіне аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасы аясында ОҚО ішкі істер департаменті және оның аумақтық төрт бөлімдерінде мемлекеттік  аудиторлық іс-шара жүргізілді.

«ОҚО ішкі істер департаменті, оның аумақтық бөлімшелері тарапынан салынатын әкімшілік айыппұлдардың жергілікті бюджетке толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуіне аудит жүргізу»  аудиторлық іс-шарасы нәтижесінде төмендегі бұзушылықтар анықталды:

  • қаржылық бұзушылықтар: әкімшілік айыппұлдарды толық және уақтылы өндіріп алмауы – 1 856 925,0 мың теңгені құраған;
  • рәсімдік бұзушылықтар саны – 17 бірлік, оның ішінде мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі жүйелі түрдегі заңнама бұзушылықтары және жоғары тұрған, тиісті уәкілетті органдарға тапсырылған есептіліктерде деректердің 1 799 743,0 мың теңгеге дұрыс бейнеленбегендігі анықталды.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен аудитрлық іс шара нәтижесіне қортынды  бекітіліп, аудит объектілері басшыларына анықталған кемшліктерді жою және қалпына келтіру туралы тиісті нұсқамалар мен ұсынымдар берілді.

23.01.2017

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына 23 аудиторлық іс-шара аяқталып, аудиторлық іс-шаралардың шеңберінде 272 бақылау объектісі және 691 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі 158 750 475,6 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 83 510 928,4 мың теңгені(қаржылық бұзушылықтар 11 587 458,7 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 71 869 808,3 мың теңге, тиімсіз жаратылған қаржы 53 661,4 мың теңге)  құраған. Жалпы 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына қалпына келтірілуі тиіс  қаржы көлемі 11 454 001,9 мың теңге болса, оның ішінде мерзімі келгені 7 198 596,0 мың теңгені құрап, есепті кезеңге 100,0% орындалған. Оның ішінде ақшалай түрде өтелгені 23 363,4 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 7 175 232,6 мың теңгені құраған. Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 198 лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған (оның ішінде  173 тәртіптік, 25 әкімшілік жауапкершілікке).

Пресс-релиз

06.01.2017

«Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру  және спорт басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттен бөлінген қаржылардың жұмсалуын бақылау  нәтижелерінің аудиторлық қорытындысы  туралы» ақпарат.

Аудиторлық іс-шарамен 5 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды, сондай-ақ «Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағыныстағы  17 мемлекеттік аудит объектілерінде үстеме тексеру жүргізілді.

Аудитпен қамтылған сомма 7 716 229,6 мың теңгені құрады. Жалпы аудиторлық іс-шара бойынша анықталған бұзушылықтар соммасы  176 529,2 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар  818,7 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 175 710,5 мың теңге (оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласында 105 410,0 мың теңге, бюджеттік өтінімдерді рәсімдеу мәселесі бойынша 70 300,5 мың теңге.

Жалпы, жергілікті бюджетке өтелуге жататын қаржы 818,7 мың теңгені құрап, аудиторлық іс-шара жүргізу барысында өтелгені 499,1 мың теңге, өтелуге жататын қаржы қалдығы 319,6 мың теңге.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  2 объект бойынша материалдар жолданды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру  және спорт басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттен бөлінген қаржылардың жұмсалуын бақылау» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және Аудиторлық қорытындыдан үзінділер жолданды.

Пресс-релиз

06.01.2017

Ордабасы ауданы  бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Ордабасы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау   бойынша  жүргізілген аудиттің нәтижелері  туралы  ақпарат

Аудиторлық  іс-шарамен  32 аудит объектісінде  19 000  040,8 мың теңге қамтылды.  Жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы  38 932,4 мың теңгені құрады, оның ішінде аудиторлық іс-шара жүргізу барысында 35 945,2 мың теңгесі қалпына келтірілді және 1 547,4 мың теңгесі бюджетке өндірілді.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы сомасы  9 890 119,2 мың теңгеге 55  бірлік  орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында 1 518 812,7 мың теңгеге 42 бірлік, мемлекеттік сатып алу саласында 994 985,0 мың теңгеге 3 бірлік, бухгалтерлік есеп саласында 7 376 321,5 мың теңгеге 10 бірлік.

Жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесімен  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің  ОҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 1 объект бойынша материалдар жолданды.

Аудит іс-шарасын жүргізу барысында  4 аудит  объектілерінің   4 лауазымды тұлғаларына тәртіптік шаралар қолданылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен  «Ордабасы ауданы  бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Ордабасы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау»  аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы қорытындыны бекітіп, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар және Аудиторлық қорытындыдан үзінділер  жолданды.

Пресс-релиз

07.12.2016

«Сайрам ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау, мемлекеттік бағдарламаларды және салалық бағдарламалардың іске асырылуын бағалау» сыртқы мемлекеттік аудит  іс-шарасы бойынша жүргізілген аудиттің нәтижелерінің аудиторлық қорытындысы туралы» ақпарат

ОҚО бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2016 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Сайрам ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау, мемлекеттік бағдарламаларды және салалық бағдарламалардың іске асырырылуын бағалау» іс-шарасы бойынша қаралған 28 аудит объектісінде аудит іс-шарасы жүргізілді.

Тексерумен 35 773 075,0 мың теңге қамтылды. Оның ішінде: 2013 жылы 219460,0 мың теңге, 2014 жылы 13 344 863,0 мың теңге, 2015 жылы 13 845 283,0 мың теңге және 2016 жылдың қаңтары мен маусым аралығында бюджеттен бөлінген 8 363 469,0 мың теңге.

Жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 4 031 360,4 мың теңгені құрады. Оның ішінде қалпына келтірілуге 4 028 036,3 мың теңге, өтелуге жататыны 3 324,1 мың теңге, барлығы 4 031 360,4  мың теңге. Өтелуге жататын 3324,1 мың теңгенің бақылау барысында өтелгені 212,7 мың теңге болса, өтелуге тиіс сомасының қалдығы 3111,4 мың теңгені құрап отыр.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша 54 бірлік бұзушылық фактілері орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында 48 бірлік, активтерді пайдалану кезінде 2 бірлік, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтамау 4 бірлік.

Жүргізілген бақылаудың нәтижесімен бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бұзу фактілері бойынша 2 бірлік ОҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекет фактісі бойынша 1 бірлік ҚР Ұлттық экономикасы министрлігі табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті ОҚО бойынша департаментіне және мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзу фактілері бойынша 1 бірлік ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіне іс материалдары жолданды.

Аудит барысында және аудиттен кейін 2 аудит объектілерінің 2 лауазымды тұлғаларына «сөгіс», 1 лауазымды тұлғаға «ескерту» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне ұсынымдар мен нұсқамалар жолданды.

Пресс-релиз

02.12.2016

«Түлкібас ауданы  бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Түлкібас ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бақылау»  сыртқы мемлекеттік аудит  іс-шарасы нәтижелерінің аудиторлық қортындысы туралы»  ақпарат

 «Түлкібас ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Түлкібас ауданының  2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы» аудиторлық іс-шарасы бойынша барлығы  35 мемлекеттік аудит объектілерінде тексерумен 18 997 430,3  мың теңге қамтылды.

Жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 4 134 697,4 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, бюджетке түсетін түсімдер бойынша 253,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталып, аудиторлық қорытындыны әзірлеу барысында жергілікті бюджетке толық қайтарылған.

Бюджет шығыстары бойынша қалпына келтірілуге және өтелуге жататын барлығы 4 134 697,4 мың теңгенің тексеру және аудиторлық қорытындыны әзірлеу барысында барлығы 4 133 121,2 мың теңгесі өтелген және қалпына келтірілген.

Өтелуі тиіс сомасының қалдығы 1 576,2  мың теңге.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы сомасы  4 972 345,3 мың теңгеге 97  бірлік бұзушылық фактілері орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында  740,7 мың теңгеге 54 бірлік, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтамау салдарынан  5 бірлік, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептіліктің саласы 4 971604,6 мың теңгеге, 35 бірлік.

Аудиторлық іс-шара жүргізу және аудиторлық қорытынды әзірлеу барысында барлығы 22 жауапты тұлғаларға тәртіптік шара көрілді.

Пресс-релиз

25.11.2016

«Арыс қаласы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Арыс қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бақылау»  сыртқы мемлекеттік аудит  іс-шарасы нәтижелерінің аудиторлық қортындысы туралы»  ақпарат

«Арыс қаласы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Арыс қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы» аудиторлық іс-шарасы бойынша барлығы 35 мемлекеттік аудит объектілерінде тексерумен 14 518 792,8 мың теңге қамтылды.

Жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 1 216 205,1 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджетке түсетін түсімдер бойынша 730,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталып, тексеру барысында жергілікті бюджетке толық қайтарылған.

Бюджет шығыстары бойынша қалпына келтірілуге және өтелуге жататын барлығы 1 082 018,1 мың теңгенің тексеру және аудиторлық қорытындыны әзірлеу барысында барлығы 1 081 121,9 мың теңгесі өтелген және қалпына келтірілген.

Өтелуі тиіс сомасының қалдығы 896,2  мың теңге.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы сомасы  9 123 476,5 мың теңгеге 83  бірлік бұзушылық фактілері орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында  9 123 150,2 мың теңгеге  81 бірлік, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтамау салдарынан  326,3 мың теңгеге 2 бірлік.

Аудиторлық іс-шара жүргізу және аудиторлық қорытынды әзірлеу барысында барлығы 14 лауазымды тұлғаларға тәртіптік шара көрілді.

Пресс-релиз

21.11.2016

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылдың 1 қазандағы жағдайына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың 1 қазандағы жағдайына 16 аудиторлық іс-шара аяқталып, аудиторлық іс-шаралардың шеңберінде 118 бақылау объектісі және 233 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі 55 723 305,8 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 26 344 827,0 мың теңгені(қаржылық бұзушылықтар 2 156 074,5 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 24 135 091,1 мың теңге, тиімсіз жаратылған қаржы 53 661,4 мың теңге)  құраған. Жалпы 2016 жылдың 1 қазандағы жағдайына қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс  қаржы көлемі 2 156 074,5 мың теңге болса, оның ішінде мерзімі келгені 1 880 695,8 мың теңгені құрап, есепті кезеңге 100,0% орындалған. Оның ішінде ақшалай түрде өтелгені 8 819,5 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 1 871 876,3 мың теңгені құраған.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 110 лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған (оның ішінде 94 тәртіптік, 16 әкімшілік жауапкершілікке).

Пресс-релиз

21.11.2016

Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша  тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2016 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуын бағалау» іс шарасы бойынша  жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы баспасөз релизі.

    «Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуын бағалау» іс-шарасын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен ОҚО бойынша тексеру комиссиясы қатар тексеру 2016 жылдың 26 қыркүйегінен 24 қазан айлары аралығында жүргізілді. Мемлекеттік аудит жүргізу барысында алдыңғы тексерудің нәтижелері ескеріле отырып, жалпы бақылаумен 2 205 832,0 мың теңге қамтылды.

Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 9 117,2 мың теңге. Сонымен қатар 12 398 075,8 мың теңгеге 10 рәсімдік бұзушылық анықталған.

«Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуын бағалау нәтижелерінің аудиторлық қорытындысы туралы» 2016 жылдың 17 қарашадағы №24 қаулы қабылданып, «ОҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мен «Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің» басшыларына нұсқамалар мен аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.

ОҚО бойынша тексеру комиссиясы жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесімен ОҚО бойынша ішкі  мемлекеттік аудит департаментіне  Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» №235-V Кодексінің 207 бабының талапттарын бұзған лауазымды адамдарға  әкімшілік шара көру үшін 2 материал сонымен қатар Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен процессуалдық шешім қабылдау үшін 2 материал  жолданды.

Пресс-релиз

21.11.2016

Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша  тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2016 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «ОңтүстікҚазақстан облысының білім басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуын бақылау» іс шарасы бойынша  жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы баспасөз релизі.

«Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуын бақылау» іс-шарасы бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен ОҚО бойынша тексеру комиссиясының қатар тексеруі 2016 жылдың 26 қыркүйегінен 2016 жылдың 24 қазан  айлары аралығында жүргізілді. Мемлекеттік аудит жүргізу барысында алдыңғы тексерудің нәтижелері ескеріле отырып, жалпы бақылаумен 4 815 771,0 мың теңге қамтылды.

Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша 684 142,0 мың теңгеге 1 рәсімдік бұзушылық анықталған.

«Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының іске асырылуын бақылау нәтижелерінің аудиторлық қорытындысы туралы» 2016 жылдың 17 қарашасында №25 қаулы қабылданып, «ОҚО білім басқармасының басшысына нұсқама мен аудиторлық қорытындыдан үзінді жолданды.

Пресс-релиз

10.10.2016

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында 2016 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-қимыл шаралары жөніндегі мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы (Әрі қарай – Тексеру комиссиясы) жұмыстың сапасын одан әрі жетілдіру және сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қызметінің тиімділігін арттыру, 2016-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді және жоспарға сәйкес бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар атқарылды.

Әр апта сайын өтетін аппараттық жиналыстарда және бақылау іс шарасын жүргізу алдында сыбайлас жемқорлық мәселесі тұрақты түрде қаралып, сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсері қызметкерлерге түсіндірілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2016 жылғы 29 наурыздағы №01-24/87 санды бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмысшы тобы бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының шеңберінде Аудиторлық іс шаралар басталар алдында аудитқа жауапты мүшемен сыбайлас жемқорлықты алдын алу және аудит тобының жұмысын ұйымдастыру мақсатында қызметкерлердің арасында техникалық сабақтары өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау алдында аудитке жауапты мүшенің жетекшілігімен бақылау объектілерінің қызметкерлерін жинап, көшпелі отырыстар өткізілді. Көшпелі отырыстарында аудит объектілерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіріліп, тексеру комиссиясында тұрақты жұмыс істейтін сенім телефонымен таныстыру жұмыстары жүргізілді және де тексеру комиссиясы қызметкерлерінің іс әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған жағдайда, тексеру комиссиясының сенім телефоны арқылы хабарласуға болатындығы жөнінде түсіндірілді.

Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау  органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға тұрақты түрде жолдануда.

Аудиторлық іс-шараларды жүргізу барысында объектілерде анықталған бұзушылықтар бойынша 2016 жылы 5 құқықбұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, сот органдарына қарау үшін жолданған. Оның 3 ісі бойынша тұлғалар айыпты деп танылып, айыппұл төлеу туралы сот қаулылары шыққан. Уәкілетті органға қарау үшін 18 материалдар жолданып, 13 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы

Пресс-релиз

25.08.2016

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың ІІI-ші тоқсанына арналған бақылау жұмысының жоспарына сәйкес,  «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орта білім беру бағытына бөлінген бюджет қаржысының тиімділігін бағалау» іс шарасы бойынша  жүргізілген тақырыптық бақылау нәтижелері туралы баспасөз релизі.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың III тоқсанына арналған бақылау жұмыс жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орта білім беру бағытына бөлінген бюджет қаржысының тиімділігін бағалау» іс шарасы ағымдағы жылдың   1 қазанынан 26 қараша аралығында жүргізілді. Бақылау барысында алдыңғы тексерудің нәтижелері ескеріле отырып, жалпы бақылаумен 59 981 841,6 мың теңге қамтылды.

Бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 2 942 742,2 мың теңге. Сонымен қатар 30 633 642,0 мың теңгеге 23 рәсімдік бұзушылық анықталған.

ОҚО бойынша тексеру комиссиясымен жүргізілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орта білім беру бағытына бөлінген бюджет қаржысының тиімділігін бағалау іс-шарасының нәтижелеріне сәйкес, жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаның I-ші кезеңі бойынша орта білім беру бағытында қаралған 10 нысаналы индикатордың 5-не қол жеткізілмесе, 20 нәтиже көрсеткіштің 9 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген.

Пресс-релиз

09.08.2016

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылдың 1 шілдедегі жағдайына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат 

2016 жылдың 1 шілдедегі жағдайына 15 аудиторлық іс-шара аяқталып, аудиторлық іс-шаралардың шеңберінде 88 бақылау объектісі және 225 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі  46 705 454,9 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 23 058 178,8 мың теңгені(қаржылық бұзушылықтар 2 096 822,6 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 20 907 694,8 мың теңге, тиімсіз жаратылған қаржы 53 661,4 мың теңге)  құраған. Жалпы 2016 жылдың 1 шілдедегі жағдайына қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс  қаржы көлемі 2 096 822,6 мың теңге болса, оның ішінде мерзімі келгені 963 146,1 мың теңгені құрап, есепті кезеңге 100,0% орындалған.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 64 лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған (оның ішінде 52 тәртіптік, 12 әкімшілік жауапкершілікке).

Пресс-релиз

01.07.2016

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын бақылау  аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы ақпарат

ОҚО бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылға арналған аудиторлық тізбесіне сәйкес «Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын бақылау» аудиторлық іс-шарасы 2016 жылдың 25 сәуірінен 10 маусымы аралығында жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең  2014 жылдың 1 қаңтарынан 2015 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

Төлеби, Сайрам және Сарыағаш аудандарының мемлекеттік кірістер басқармалары бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған қаржылық бұзушылық 206 634,1 мың теңгені құрады (оның ішінде бюджетке түсуге жататыны 206 634,1 мың теңге).   Атап айтқанда: Төлеби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан 5 652,8 мың теңге, Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан 9 267,0 мың теңге, Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан 191 714,3 мың теңге.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы сомасы 65 432,9 мың теңгеге 12 бірлік  бұзушылық фактілері анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесі көрсеткендей Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптары сақталмау салдарынан жүйелі бұзушылықтар орын алған. Атап айтқанда, жеке тұлғалардың бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жылжымайтын мүліктерді сату кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар бойынша салықтық есептеулер жүргізілмеуі, салық міндеттемесін орындамағаны үшін және салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы хабарламалардың жолданбауы, салық есептіліктерін тапсырмағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдамауы, жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтары бойынша салық берешегінің сомаларын төлемегені үшін осы салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегін өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеуі және көлік құралдары салықтары бойынша уәкілетті органның мәліметтерін негізге ала отырып және оларға талдау жүргізу арқылы әкімшілендіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізілмеуі фактілері анықталды.

«Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын бақылау» іс шаралары нәтижелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен бекітілген аудиторлық Қорытындының тиісті үзінділері мен Нұсқамалар мемлекеттік аудит объектілеріне жолданды.

Пресс-релиз

30.06.2016

«ОҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттен  бөлінген қаржылардың жұмсалуын бақылау» іс-шарасы нәтижесінің аудиторлық қортындысы туралы мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының  мемлекеттік аудит объектілерінің 2016 жылға арналған тізбесіне сәйкес «ОҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттен бөлінген қаржылардың жұмсалуын бақылау» аудиторлық іс-шарасы 2016 жылдың 25 сәуірі мен 10 маусымы аралығында жүргізілді

Тексерумен 5 мемлекеттік аудит объектілері қамтылып,  2 мемлекеттік мекемеге үстеме аудит жүргізілді.

«ОҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттен бөлінген қаржылардың жұмсалуын бақылау» аудиторлық іс-шарасы нәтижесінде анықталғаны:

  • аудиторлық іс-шарамен  1 303 312,0 мың теңге қамтылып, жалпы анықталған бұзушылықтар сомасы 1 690 695,1 мың теңген, оның ішінде қаржылық бұзушылық 767 413,7 мың теңге,  тиімсіз пайдаланылған активтер   49 207,5 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 33 бірлік, сомасы 874 073,9 мың теңгені құрады;
  • жалпы қалпына келтірілуге және өтелуге жататын қаржы 767 413,7 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны 342,7 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 767 071,0 мың теңге;
  • аудиторлық іс-шара  барысында қалпына келтіріп және өтелгені 31 707,2 мың теңге, оның ішінде өтелгені 151,2 мың теңге, қалпына келтірілгені 31 556,0 мың теңге;
  • қалпына келтіруге және өтелуге жататын қаржы қалдығы 735706,5 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны 191,5 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 735 515,0 мың теңге.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының «ОҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджеттен  бөлінген қаржылардың жұмсалуын бақылау» іс-шарасы нәтижесінің аудиторлық қортындысы бекітіліп, «ОҚО тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және аудитпен қамтылған объектілердің басшыларына тиісті нұсқамалар ұсынылды.

Пресс-релиз

30.06.2016

«Кентау қаласы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Кентау қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» сыртқы мемлекеттік аудит  іс-шарасы бойынша  жүргізілген аудиттің нәтижелерінің аудиторлық қорытындысы туралы» ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының  мемлекеттік аудит объектілерінің 2016 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Кентау қаласы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Кентау қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» сыртқы мемлекеттік аудит  іс-шарасы (2016 жылдың 01 сәуірі мен 10 маусым аралығы) бойынша қаралған 30 аудит объектісінде аудит іс-шарасы жүргізілді.

Бақылаумен 16 011 590,7 мың теңге қамтылды, оның ішінде 2014 жылдың 01 сәуірінен 31 желтоқсан аралығында бюджеттен бөлінген 6 522 433,3 мың теңге,  2015 жылы бюджеттен бөлінген 7 700 869,0 мың теңге,  2016 жылдың 01 қаңтарынан 31 наурыз аралығында   бюджеттен бөлінген 1 788 288,4 мың теңге.

Жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 517 151,8 мың теңгені құрады.

Оның ішінде қалпына келтірілуге және өтелуге жататын барлығы 517 151,8 мың теңгенің бақылау барысында 329 862,4 мың теңгесі қалпына келтірілді және 2 713,4 мың теңгесі өтелді. Сонымен қатар, қорытынды әзірлеу барысында 31,5 мың теңге бюджетке өтелді.

Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы сомасы  12 286 304,4 мың теңгеге 161  бірлік бұзушылық фактілері орын алған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында 10 587 517,2 мың теңге 136 бірлік, активтерді пайдалану кезінде 1 542,3 мың теңгеге 6 бірлік, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтамау салдарынан 1 697 244,9 мың теңгеге 19 бірлік. Сонымен қатар, 4258,0 мың теңгеге 4 бірлік бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланылғаны орын алған.

Сонымен қатар, Кентау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  интегралданған ақпараттық жүйесінің (ИНИС) мәліметі бойынша 2014 жылға есептелген салық базасындағы көлеміне қарағанда 25 308,4 мың теңгеге артық,  11717,1 мың теңгеге кем жоспарланғаны анықталды.

Жүргізілген бақылаудың нәтижесімен бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бұзу фактілері бойынша 6 бірлік, мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзу фактілері бойынша 1 бірлік іс материалдары лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаза  қолдану үшін ОҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясына жолданды.

Аудит барысында және аудиттен кейін 2 аудит  объектілерінің 2 лауазымды тұлғаларына «сөгіс», 1 лауазымды тұлғаға «ескерту» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында аудит объектілеріне ұсыным жолданды.

Пресс-релиз

30.06.2016

«Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағыныстағы мекемелеріне бөлінген бюджет қаржысының жұмсалуын бақылау   нәтижелерінің аудиторлық қорытындысы  туралы» ақпарат.

Тексерумен 25 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды, оның ішінде   1 мемлекеттік мекеме, 21 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын және 3 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.

Тексерумен  2015  жылы  бюджеттен бөлінген 18 207 530,9  мың теңге қамтылды(республикалық бюджет қаражаты 12 974 022,3 мың теңге).

Мемлекеттік аудитпен қамтылған 25 бақылау объектісінің 19-да бұзушылықтар анықталған.

Жалпы анықталған бұзушылықтар сомасы 696 541,8 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар  599 976,4 мың теңге және  рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша сомасы 96 565,4 мың теңгені құрайтын  14 бірлік бұзушылық фактілері орын алған, оның ішінде, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтамау салдарынан 5 724,5 мың теңге, бюджеттік және өзге де заңнамаларды  сақтамаудан 11 371,2 мың теңге және негізгі құралдарды тиімсіз пайдалану бойынша 79 469,7 мың теңге.

Жалпы қалпына келтіруге жататын қаржы 596 607,9 мың теңгені және бюджетке өтелуге жататын қаржы  көлемі 3 368,5 мың теңгені құрады.  Оның ішінде, бақылау барысында бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілгені  86 968,5 мың теңге, бюджетке өтелгені 1 949,6 мың теңге. Бақылаудан кейін бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілгені  506 453,4 мың теңге, бюджетке өтелгені 311,6  мың теңге, өтелуге және қалпына келтіруге жататын қаржы қалдығы 4 293,3 мың теңге.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясына 2 әкімшілік іс жолданды.

Пресс-релиз

12.05.2016

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына атқарылған жұмыстары туралы

ақпарат (веб-сайтқа орналастыру үшін мемлекеттік және орыс тілінде)

2016 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына 2 аудиторлық іс-шара аяқталып, аудиторлық іс-шаралардың шеңберінде 11 бақылау объектісі және 16 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі  5 979 404,3  мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 5 862 299,1 мың теңгені(қаржылық бұзушылықтар   4 011,1 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 5 858 288,0 мың теңге) құраған. Жалпы 2016 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс  қаржы көлемі 4 011,1 мың теңге болса, оның ішінде мерзімі келгені 387,7 мың теңгені құрап, есепті кезеңге ақшалай түрде толығымен өтелген.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 7 лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған (оның ішінде  3 тәртіптік, 4 әкімшілік жауапкершілікке).

Пресс-релиз

15.04.2016

Төлеби ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Төлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы ақпарат

«Төлеби ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Төлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау»  іс-шарасы бойынша  «Төлеби аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2015 жылғы  кезеңге жүргізілген аудиторлық іс шара барысында 65697,0 мың теңге қамтылды.

Аудиторлық іс шара барысында қаржылық бұзушылықтар анықталмаған, өз кезегінде Төлеби ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бірқатар мәселелер орын алған.

Төлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында 2015 жылға 36 нысаналы индикатор және 78 түпкілікті нәтиже көрсеткіштері қарастырылған. Нәтижесінде 2015 жылы 34 нысаналы индикатор және 75 түпкілікті нәтиже көрсеткішіне нақты қол жеткізілген.

«Төлеби ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Төлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау» іс шаралары нәтижелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен бекітілген аудиторлық қорытынды «Төлеби аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жолданды.

Пресс-релиз

15.04.2016

«ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау және Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген тиімділік аудиттің нәтижелері туралы ақпарат 

ОҚО бойынша тексеру комиссиясының «Мемлекеттік аудит объектілерінің  2016 жылға арналған тізбесіне» сәйкес «ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау және Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» аудиторлық іс-шарасы «ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2015 жылғы кезең бойынша 2016 жылдың 26 ақпаны мен 1 сәуір аралығында жүргізілді. Аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша 38 011,0 мың теңгені құрайтын 3 рәсімдік бұзушылық анықталған.

Даму бағдарламасында  2015 жылы іске асыруға 5 бағытпен 17 мақсат, 50 нысаналы индикаторлар, 105 тікелей нәтиже көрсеткіштері және 246 іс-шаралар жоспарланған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 35 (76%) нысаналы индикаторлар, 74 (70,4%) тікелей нәтиже көрсеткіштерге нақты қол жеткізілген. 6 нысаналы индикатор мен 17 тікелей нәтиже көрсеткіштердің статистикалық есеп беретін мерзімі келмеген, 6 нысаналы индикаторлар мен 14 тікелей нәтиже көрсеткіштерге қол жеткізілмеген. 2015 жылы жоспарланған 246 іс-шараның ішінде 212 (86%) орындалған, 29 іс-шара – орындалмаған, 5 іс-шара – 2017 жылға өтпелі.

Жалпы облыстың 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыруға 214 307,6 млн. теңге жоспарланса, нақты 253 888,0 млн.теңге жұмсалған.

Алайда, іс-шаралар жоспарындағы қаржылардың 2015 жылға арналған қаржы көлемдеріне өзгерістер енгізілмегендіктен айырмашылықтар қалыптасқан.

Жалпы даму бағдарламасында жоспарланған  нысаналы индикаторлар, тікелей нәтиже көрсеткіштері мен іс-шаралар арасында өзара байланыстың жоқтығын және жоспарланған көрсеткіштер бойынша іс-шаралардың жоспарланбағаны немесе іс-шаралар толық орындала тұра, индикаторлар мен көрсеткіштерге толық қол жеткізілмеуі анықталып отыр. Сондай-ақ жоспарланған кейбір көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіш көлемі дұрыс айқындалмаған. Сонымен қатар даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына толықтырулар мен өзгертулер енгізілмеген.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының  Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау және Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау нәтижелері туралы аудиторлық қорытынды бекітіліп, Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысына тиісті ұсынымдар мен нұсқамалар жолданды.

Пресс-релиз

15.04.2016

Созақ ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Созақ ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау нәтижелері туралы ақпарат

ОҚО бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылға арналған аудиторлық тізбеге сәйкес «Созақ аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Созақ ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Созақ ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау жүргізіліп, аудитпен жалпы 143556,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 140,0 мың теңге қамтылды.

2015 жылдың ІV-тоқсанында жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша аудандық бюджет 2 рет нақтыланып, ҚР Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағы сақталмаған.

Бюджеттік өтінімдерде сатып алуға жоспарланған тауарлардың бағаларына негіздемелер (прайс-парақтар)  ұсынылмай, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 31.03.2013 жылғы №73 бұйрығымен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларының 66-тармағының 2-тармақшасы сақталмай, негізсіз жоспарланған.

Бюджетті жоспарлау барысында аудандық мәдениет сарайының өз табыстары ескерілмей, ҚР Үкіметінің 27.10.2011 жылғы №1211 Қаулысымен бекітілген Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидаларының 3,4-1-тармақтары сақталмаған.

2015 жылға бюджетті жоспарлау барысында 122006 “Аудан ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою” бюджеттік бағдарламасына 10329,0 мың теңге және 122007 “Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар” бюджеттік бағдарламасына 3500,0 мың теңге тиісті құжаттарсыз (зерттеу актілері, ақау актілері, сметалық құжаттамалар) жоспарланып, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 31.03.2013 жылғы №73 бұйрығымен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларының 6-тармағының 12,13-тармақшалары сақталмаған.

Қ.Сәтпаев атындағы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге 65000,0 мың теңге ЖСҚ мен мемлекеттік сараптама қорытындысы ұсынылмай, жоспарланып ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 31.03.2013 жылғы №73 бұйрығымен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларының 6-тармағының 12,13-тармақшалары сақталмаған.

Созақ мектеп жанындағы интернатына және №14 Алимкулов мектеп-интернатына азық-түлiк өнiмдерiн сатып алуға 20% ата-аналардың төлемі есебінен өтелетіні ескерілмей 37558,0 мың теңгеге толығымен бюджеттен қаралып, ҚР Үкіметінің 12.03.2012 жылғы №320 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағының 7-тармақшасы  сақталмаған.

Жергiлiктi бюджетке және ауданның даму бағдарламасына енгiзiлмеген 11 инвестициялық жобаларға ЖСҚ әзірлеуге 28000,0 мың теңге жоспарланып, ҚР Бюджет кодексінің 157-бабының 6-тармағы сақталмаған.

Аудан әкімдігінің 08.01.2015 жылғы №1 қаулысымен “2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Созақ аудандық мәслихаттың 24.12.2014 жылғы №221 шешімін іске асыру қаулысы” 16 күнтізбелік күнде бекітіліп, ҚР Бюджет кодексінің 79-бабының 1-тармағы сақталмаған.

Ауданның даму бағдарламасында жоспарланған негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 5 түрі бойынша жоспар орындалмаған. Көрсеткіштер жоспарының орындалмау себебін теңгенің құнсыздануынан деп көрсетілген. Алайда, өнеркәсіп өнімінің теңгеге шаққанда бағасы төмендемеген.

Негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2014 жылмен  салыстырғанда 5 түрі бойынша төмендеген.

Жоспарланған 48 салық түсімдерінің 9 түрі бойынша орындалмаған.

Нақты салық түсімдерін өткен жылмен салыстырғанда 15 салық түрлері бойынша кеміген. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді өткен жылмен салыстырғанда саны мен өндірген өнім көлемі бойынша барлық түрінен өсім бар. Яғни, салық түсімдерін жоспарлау барысында және толықтығы бойынша жұмыстар өз дәрежесінде жүргізілмеген.

Жыл бойы бюджетті нақтылау барысында барлық бюджеттік бағдарламалар өзгерістерге ұшыраған, яғни, бюджеттік бағдарламалардың түпкі нәтижесі нақты айқындалмаған және нақты шешім қабылданбаған.

Бюджетті нақтылау барысында өткен жылдың қорытындысымен қалыптасқан дебиторлық, кредиторлық қарыздар ескерілмей, бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылған.

Тексеру комиссиясының отырысында аудиторлық іс-шара бойынша қорытынды, қаулы бекітіліп, Созақ ауданы әкімдігіне, мәслихатына ақпараттық мәлімет ретінде қорытынды жолданды.

Пресс-релиз

15.04.2016

«Ордабасы ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Ордабасы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» аудиторлық іс-шарасыныңнәтижелері туралы ақпарат.
«Ордабасы ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Төлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау»  іс-шарасы бойынша  «Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2015 жылғы  кезеңге жүргізілген аудиторлық іс шара барысында 110 015,0 мың теңге қамтылды.

Аудиторлық іс шара барысында қаржылық бұзушылықтар анықталмаған, өз кезегінде Төлеби ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бірқатар мәселелер орын алған.

Ордабасы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында 2015 жылға 30 нысаналы индикатор және 29 түпкілікті нәтиже көрсеткіштері қарастырылған. Нәтижесінде 2015 жылы 27 (93,3%)   нысаналы индикатор және 24 (83,0%)   түпкілікті нәтиже көрсеткішіне нақты қол жеткізілген.

Оңтүстік- Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Ордабасы ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Ордабасы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» аудиторлық іс шарасының нәтижесі  бойынша аудиторлық қорытынды бекітіліп,  Ордабасы ауданы әкімдігі мен Ордабасы аудандық мәслихатына ақпарат жолданды.

Пресс-релиз

14.04.2016

Сайрам ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Сайрам ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы ақпарат

            ОҚО бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылға арналған аудиторлық тізбеге сәйкес «Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Сайрам ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Сайрам ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау жүргізіліп, аудитпен жалпы 116682,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 326,0 мың теңге қамтылды.

2015 жылға арналған аудандық бюджет 23.12.2014 жылы аудандық мәслихаттың №40-253/V шешімімен кірістер 13325349,0 мың теңге, шығыстар бөлігі 13326333,0 мың теңге болып бекітіліп, жыл бойы 6 рет өзгертіліп, нақтыланған.2015 жылды 2014 жылмен салыстырғанда 20 көрсеткіш бойынша ілгерілеу байқалғанымен, әлеуметтік-экономикалық 8 көрсеткіш бойынша алға қойылған мақсаттар орындалмаған.

2015 жылға кірістер бөлігі 13325349,0 мың теңгеге бекітіліп, 17143927,0 мың теңгеге түзетілген, нақты 18113770,6 мың теңгеге орындалған.

Оның ішінде өзіндік кірістер нақты 3398243,6 мың теңгеге немесе жоспар 140% орындалған.

Трансферттердің түсімі 14715527,0 мың теңгені құрап,  трансферттердің  түсімдерге шаққандағы пайыздық үлесі 81,2% құраған.

2015 жылдың қорытындысымен аудан бюджеті жергілікті бюджетке түсетін кіріс жоспары 2428400,0 мың теңге болып, орындалуы 3398243,5 мың теңге яғни, жоспар 969843,6 мың теңгеге артық немесе 140% артығымен орындалған. Салықтық түсімдер жоспар 2302518,0 мың теңге болып, орындалуы 3251670,3 мың теңге, яғни жоспар 949152,3 мың теңгеге немесе 141,2% артығымен орындалған, 2014 жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер 134,2 пайызға өскен.

Салықтық емес түсімдер жоспары 13662,0 мың теңге болса, орындалуы 23234,1 мың теңге немесе 170,1% артығымен орындалғанымен, 2014 жылмен салыстырғанда салықтық емес түсімдер 5,0% азайған.

Негізгі капиталды сату бойынша жоспар 112220,0 мың теңге болып орындалуы 123339,2 мың теңге, яғни 11119,2 мың теңгеге немесе 109,9% артығымен орындалған. Алайда, 2014 жылмен салыстырғанда негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 90,5% азайған.

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша түзетілген бюджет 3986831,0 мың теңге. Игерілгені 3986009,3 мың теңге. Игерілмеген  қаржы 821,7 мың теңгені құраған немесе 100% орындалған.

Облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша түзетілген бюджет 2210291,0 мың теңге. Игерілгені 2190832,2 мың теңге. Игерілмеген  қаржы 19458,8 мың теңгені құраған немесе 99,1% орындалған.

Тексеру комиссиясының отырысында аудиторлық іс-шара бойынша қорытынды, қаулы бекітіліп, Сайрам ауданы әкімдігіне, мәслихатына ақпараттық мәлімет ретінде қорытынды жолданды.

Пресс-релиз

14.04.2016

Сарыағаш ауданы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Сарыағаш ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау  аудиторлық іс-шарасы бойынша жүргізілген тиімділік аудиттің  нәтижелері туралы ақпарат

ОҚО бойынша тексеру комиссиясының «Мемлекеттік аудит объектілерінің 2016 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Сарыағаш ауданы 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау және Сарыағаш ауданының  2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» аудиторлық іс-шарасы  жүргізіліп, аудитпен жалпы 340958,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 95546,0 мың теңге қамтылды.

Сарыағаш аудандық мәслихаты сессиясының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №38-321-V «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Сарыағаш ауданы мәслихаты сессиясының  2015 жылдың 29 қазанындағы №45-402-V шешіміне сәйкес 467 037 «Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасына бағытталған 452079,0 мың теңгенің 41394,0 мың теңгесі қысқартылып немесе 410685,0 мың теңгеге нақтыланып, қысқартылған 41394,0 мың теңге басқа бюджеттік бағдарламаларға бағытталған. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45 бабы 4-2 тармағының нормалары бұзылған.

Облыстық бюджеттен түсетін трансферттен патронат тәрбиешілерге берілетін баланы (балаларды) асырап бағуға 5946,0 мың теңге қаралған. Аудандық мәслихаттың 2014 жылдың 22 желтоқсанындағы №38 шешімімен бұл қаржы 464015 “Жергілікті бюджеттен берілетін трансферттер есебінен жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына  ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері” бюджеттік бағдарламасына жоспарланған. Алайда, бұл бағыттағы қаржы 464022 “Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге бағдарламасына жоспарлануы тиіс еді. Бұл ретте, ҚР Қаржы министрінің 2014 жылдың 18 қыркүйегіндегі “ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы” №403 бұйрығының 1-қосымшасымен бекітілген Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы бұзылған.

«Сарыағаш тұрмыс» МКК-5168,0 мың теңге, оның  1208,0 мың теңгесі бюджетке  2015 жылдың 10 желтоқсанындағы №183 және 2015 жылдың 23 желтоқсанындағы №189 төлем құжаттарымен жыл аяқталмай, табыстарды алдын–ала аударған. Яғни, ҚР 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» N 413-IV Заңының  140 бабының 4 тармағы сақталмаған.

Сондай-ақ 2015 жылғы «Сарыағаш қоғамдық саяси газеті» ЖШС-нің жылдық табысы 2540,0 мың теңге, оның  211,0 мың теңгесі бюджетке  2015 жылдың 27 қарашадағы №46 төлем құжатымен жыл аяқталмай, табыстарды алдын–ала аударған. Яғни, ҚР 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» №220 Заңының 43 бап 2 тармағының 4) тармақшасы және 44 баптың 2 тармағы сақталмаған.

2015 жылға жоспарланған нысаналы индикатордың ішінде 30 индикатордың  19 орындалып (63,3%) қол жеткізілсе, 11 нысаналы индикатордың жоспары толық орындалмаған. Жоспарланған 38 көрсеткіштердің 31-не (81,6 пайыз) қол жеткізілсе, 7 көрсеткіш бойынша жоспар орындалмаған.

Жалпы ауданның 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыруға 20352,4 млн. теңге жоспарланса, нақты 19070,0 млн.теңге жұмсалған.

Алайда, іс-шаралар жоспарындағы қаржылардың 2015 жылға арналған қаржы көлемдеріне тиісті өзгерістер енгізілмегендіктен бірқатар айырмашылықтар қалыптасқан.

Жалпы, даму бағдарламасында жоспарланған  нысаналы индикаторлар, тікелей нәтиже көрсеткіштері мен іс-шаралар арасында өзара байланыстың жоқтығын және жоспарланған көрсеткіштер бойынша іс-шаралардың жоспарланбағаны немесе іс-шаралар толық орындала тұра индикаторлар мен көрсеткіштерге толық қол жеткізілмеуі анықталып отыр. Сондай-ақ, кейбір көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіш көлемі дұрыс айқындалмаған.

Тексеру комиссиясының отырысында аудиторлық іс-шара бойынша  аудиторлық қорытынды, қаулы бекітіліп, Сарыағаш ауданы әкімдігіне, мәслихатына ақпараттық мәлімет ретінде қорытынды жолданды.

Пресс-релиз

13.04.2016

«Түркістан қаласы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Түркістан  қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» іс-шарасы бойынша  мемлекеттік аудит  нәтижелері туралы ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облысы тексеру комиссиясының 2016 жылдың I тоқсанына арналған мемлекеттік аудит жоспарына сәйкес «Түркістан қаласы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Түркістан  қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» іс-шарасы бойынша «Түркістан қаласы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2015 жыл кезеңінде аудиторлық іс-шарамен 157 253,0 мың теңге қамтылды. «Түркістан қаласы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аудит  жүргізу нәтижесінде қаржылық бұзушылықтар анықталмады, алайда бақылау объектісі қызметіндегі өзге де кемшіліктерге  жол берілген.

Мемлекеттік аудит нәтижесінде Түркістан қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында 2015 жылы іске асыруға көзделген -37 нысаналы индикаторлар, 66 көрсеткіштер қарастырылған. Жылдың қорытындысы бойынша 34 (91,9%) нысаналы индикаторларға, 58 (87,9%) көрсеткіштерге нақты қол жеткізілген. Алайда 3 индикаторлар мен 8 көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының «Түркістан қаласы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Түркістан  қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» іс-шарасы бойынша аудиторлық қорытынды бекітіліп, Түркістан қаласы әкімдігі мен Түркістан қаласының мәслихатына ақпарат,  Түркістан қаласы әкімдігінің Экономика және қаржы бөліміне 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде орын алған мәселелер бойынша тиісті аудиторлық қорытынды жолданды.

Пресс-релиз

12.04.2016

Шымкент қаласы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Шымкент қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау нәтижелері туралы ақпарат

«2015-2017 жылдарға арналған қала бюджеті» «Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №44/296-5с шешімімен кірістер 62116584,0 мың теңге, шығындар 61116584,0 мың теңге көлемінде бекітілген. Қалалық мәслихаттың шешімімен 2015 жылы бюджетке 7 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2015 жылға қалалық бюджеттің кірістер көлемі 79506732,0 мың теңге, шығындар 80335504,0 мың теңге болып нақтыланған.

Есепті қаржы жылы 14 бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен жергілікті бюджет туралы маслихат шешімдерінің көрсеткіштерін орындауын талдау жасалынып, нәтижесінде бағдарлама әкімшілерімен мәслихат шешімдерінің басым көрсеткіштері орындалғанымен кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен мәслихат шешімдерімен бекітілген көрсеткіштері орындалмаған. Атап айтқанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісі 464 – Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі, 022–«Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 22295,0 мың теңге жоспарланып, есепті жылы нақты 1486,5 мың теңгесі ғана игерілген. Игерілмеген қаржы көлемі 20808,5 мың теңгені құраған.

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 464 – Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі, 067 – «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1777427,0 мың теңге жоспарланып, есепті жылы нақты 1743733,1 мың теңгесі игерілген. Игерілмеген қаржы көлемі 30002,6 мың теңгені құраған.

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 497 – «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі», 028 – «Коммуналдық шаруашылықты дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1360245,0 мың теңге жоспарланып, есепті жылы нақты 1333983,7 мың теңгесі игерілген. Игерілмеген қаржы көлемі 26261,3 мың теңгені құраған.

Шымкент қаласы әкімдігінің «Білім бөлімі» мен «Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлім» мемлекеттік мекемелерімен көрсеткіштің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілмеген.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы  №95-IV Бюджет кодексінің 4-бабының 9) тармақшасының негізділік және 12) тармақшасының тиімділік принциптері басшылыққа алынбаған.

Жалпы 2015 жылы Шымкент қаласының даму бағдарламасы 88 пайызға орындалған. Мониторингке сәйкес, 2015 жылға жоспарланған 41 нысаналы индикатордың ішінде 3 индикатордың және 3 нәтиже көрсеткіштің жылдық қорытындысы бойынша статистикалық есептілігі 2016 жылдың І тоқсанынан кейін жарияланатындықтан есепке алынбады. Нәтижесінде 38 индикатордың  35 орындалып (92,1%), орындалса, 3 нысаналы индикатордың жоспары толық орындалмаған және 92 нәтиже көрсеткіштің 79-і(86%) орындалып, 13 нәтиже көрсеткіштің жоспары толығымен орындалмаған.

Бюджеттің кіріс бөлігін талдау төменгіше, 2015 жылғы нақтыланған қала бюджетінде өзіндік кірістердің жалпы кірістердегі үлесі 51,3 пайызды құраған, жалпы кіріс бөлігінің жоспары 82 961 056,0 мың теңге болса, нақты 84 761 260,2 мың теңге түсіп, жоспар 102,2%-ға орындалған. Салықтың 69 түрінен, жылдық болжам жоспарының 66 түрі жүз пайыздан асыра орындалғанымен, үш салық түрі бойынша межеленген жоспар түрлі себептермен орындалмаған.

Мемлекеттік аудитпен 2015 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында 1237926,0 мың теңге қамтылды. Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінде жүргізілген аудиторлық іс-шара барысында қаржылық бұзушылықтар анықталмады.

Пресс-релиз

12.04.2016

«ОҚО білім  басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекет активтерінің басқарылуына техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беруді қаржыландыруға (045,085,093) бағдарламалары бойынша бюджеттен  бөлінген қаржылардың жұмсалуына аудит нәтижелерінің аудиторлық қорытындысы  туралы» ақпарат 

Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша  тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2016 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекет активтерінің басқарылуына техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беруді қаржыландыруға (045,085,093) бағдарламалары бойынша бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдалануына мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша Аудитпен  4 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды, оның ішінде  1 мемлекеттік мекеме және 3 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында үстеме аудит жүргізілді.

Аудитпен республикалық бюджеттен бөлінген 1 547 029,0  мың теңге қамтылып, жалпы анықталған бұзушылықтар сомасы 1 651 396,2  мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар  бюджетке өтелуге жататын 1635,5 мың теңге аудиттен кейін толық өтелді.

Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша сомасы 1 649 760,7 мың теңгеге 14 бірлік бұзушылық фактілері орын алған, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтамау салдарынан  72 272,5  мың теңге, ҚР Бюджет кодексінің талаптары сақталмау салдарынан 43150,2 мың теңге, білім туралы заңнаманың талаптары сақталмауынан 1 534 338,0 мың теңге.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын сақталмау салдарынан орын алған бұзушылықтар бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Жаңа технологиялар колледжі» және «Шымкент көлік, телекоммуникация және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың  лауазымды тұлғаларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі  ОҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясына әкімшілік жаза қолдану үшін жолданды.

Аудит барысында және аудиттен кейін 2 аудит  объектілерінің 2 лауазымды тұлғаларына «сөгіс», 1 лауазымды тұлғаға «ескерту» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында 3 аудит объектілеріне нұсқама жолданды.

Пресс-релиз

11.04.2016

Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы ақпарат

ОҚО бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылға арналған аудиторлық тізбеге сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау» аудиторлық іс-шарасы ОҚО қаржы басқармасы мемлекеттік мекемесінде 2016 жылдың 25 ақпанынан 18 наурыз аралығында жүргізілді.

Жалпы бақылаумен 2 500 475,0 мың теңге қамтылып, жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесімен жеткізілмеген тауарға алдын-ала қаржы аудару салдарынан барлығы 25,0 мың теңгені құрайтын 1 рәсімдік  бұзушылық анықталды. Аудит нәтижесі бойынша жіберген кемшілігі үшін тісті маманға «ескерту» түрінде тәртіптік шара көрілді.

2014 жылдың 11 желтоқсанында облыстық мәслихаттың №34/258-V шешімімен 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджеттің кіріс бөлігі 271 092 838,0 мың теңге, шығындар 267 837 878,0 мың теңге болып бекітілген. Облыстық мәслихаттың шешімімен 2015 жылы бюджетке 5 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2015 жылға облыстық бюджеттің көлемі кірістер 384 094 317,0 мың теңге, шығындар 377 068 310,0 мың теңге болып нақтыланған.

2015 жылы 23 бюджеттік бағдарлама әкімшісі тарапынан 245 бюджеттік бағдарлама іске асырылған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша пайдаланылмаған бюджет  қаражатының көлемі 522 528,7 мың теңгені құраған. Оның ішінде, ағымдағы бағдарламалар бойынша 481 035,5 мың теңге, даму бағдарламасы бойынша 41 493,2 мың теңге.

2015 жылы 23 бюджеттік бағдарлама әкімшілері бөлігінде ірі көлемде қаржының игерілмеуі денсаулық сақтау, ауылшаруашылық және энергетика және тұрғын үй-коммунналдық шаруашылық басқармалары  бойынша орын алған.

«Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы бойынша 2015 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау» іс шаралары нәтижелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен бекітілген аудиторлық қорытынды «Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жолданды.

Пресс-релиз

01.03.2016

«ОҚО мәдениет басқармасының жекелеген бюджетттік бағдарламалары бойынша бюджеттен бөлінген қаржылардың жұмсалуын бақылау
нәтижелерінің аудиторлық қорытындысы туралы» ақпарат.

Тексерумен 10 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды, оның ішінде 1 мемлекеттік мекеме, 7 коммуналдық мемлекеттік мекеме және 2 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында үстеме тексеру жүргізілді.
Тексерумен 4 741 478,3 мың теңге қамтылды, оның ішінде 2014 жылы бюджеттен бөлінген 2 483 382,3 мың теңге (республикалық бюджет қаражаты 72 424,0 мың теңге), 2015 жылдың 9 айында бюджеттен бөлінген 2 258 096,0 мың теңге (республикалық бюджет қаражаты 85 370,0 мың теңге).
Мемлекеттік аудитпен қамтылған 10 бақылау объектісінің 9-да бұзушылықтар анықталған.
Жалпы анықталған бұзушылықтар сомасы 5 862 299,1 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 4 011,1 мың теңге және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша сомасы 5 858 288,0 мың теңгені құрайтын, 21 бірлік бұзушылық фактілері орын алған, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтамау салдарынан 583 510,4 мың теңге, бюджеттік өтінімдерді рәсімдеу 4 806 060,3 мың теңге және ғимаратты теңгерімге алу бойынша 468 717,3 мың теңге.
Жалпы жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіруге жататын қаржы 3343,0 мың теңгені және өтелуге жататын қаржы 668,1 мың теңгені құрады, оның ішінде бақылау барысында өтелгені 387,7 мың теңге, өтелуге жататын қаржы қалдығы 280,4 мың теңге.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясына 1 әкімшілік іс жолданып, ҚР ӘҚБтК-нің 207 бабының 13 тармағына сәйкес, 1 лауазымды тұлғаға 212,1 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, бюджетке өндірілді.

Пресс-релиз

20.01.2016

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына 26 бақылау іс-шараларының шеңберінде 304 бақылау объектісі және 603 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, бақылаумен қамтылған қаржы көлемі 237 610 332,9 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 82 245 735,9 мың теңгені құраған. Жалпы 2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 8 917 048,5 мың теңге болса, оның ішінде мерзімі келгені 6 412 116,6 мың теңгені құрап, есепті кезеңге 100,0% орындалған. Оның ішінде ақшалай түрде өтелгені 235 235,7 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 6 176 880,9 мың теңгені құраған.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 384 лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған (оның ішінде 319 тәртіптік, 65 әкімшілік жауапкершілікке).
Бақылау барысында Тексеру комиссиясы тарапынан 34 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, соттың қарауына жолданған, оның ішінде 28 хаттама бойынша сотпен әкімшілік өндіру салынған.

Пресс-релиз

05.01.2016

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың ІІІ-ші тоқсанына арналған бақылау жұмысының жоспарына сәйкес бақылау «ОҚО құрылыс басқармасының жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттен бөлінген қаржылардың тиімді жұмсалуын бақылау, оның ішінде: «Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, мәдениет объектілерін дамытуға, денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялауға бюджеттен бөлінген қаржылардың тиімді жұмсалуын бақылау», «Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын іске асыруға оның ішінде мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй салуға аудандар бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттерді (жалға берілетін) тұрғын үй салуға бөлінген қаржылардың тиімді жұмсалуын бақылау» іс шарасы 2015 жылдың 2 қыркүйегі мен 6 қараша аралығында жүргізілді.
Бақылаумен 8 бақылау объектісі және 27 ұйым үстеме бақылаумен қамтылды, оның ішінде 21 денсаулық сақтау саласының ұйымдары, 6 мәдениет саласының ұйымдары.
1) бақылаумен жалпы 18 382 812,9 мың теңге қаражат көлемі қамтылды, оның ішінде жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 5 575 740,1 мың теңгені құрады. Атап айтқанда:
– бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджет заңнамасы және өзге де заңнама бұзушылықтар бойынша қаражат көлемі 2 611 928,9 мың теңге;
– активтерді пайдалану кезіндегі бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтар бойынша қаражат көлемі 2 629 711,8 мың теңге;
– тиімсіз пайдаланған қаржы көлемі 334 099,4 мың теңге;
2) рәсімдерді орындау тәртібі бойынша жалпы сомасы 3 006 139,2 мың теңгеге 38 бірлік бұзушылық фактілері анықталған, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану кезінде 1 321 647,4 мың теңгеге 15 бірлік және мемлекеттік сатып алу заңнамалары сақталмағаннан 1 684 491,8 мың теңгеге 23 бірлік.
Жүргізілген бақылау іс шарасы қорытындылары бойынша қаулы қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс, денсаулық сақтау, мәдениет басқармаларының және бақылау объектілерінің басшыларына бұзушылықтарды жою және қалпына келтіру туралы тиісті ұсынымдар жолданды.

Пресс-релиз

31.12.2015

«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы және оған ведомстволық бағыныстағы мекемелердің бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға бюджеттен бөлінген қаржылардың жұмсалуын бақылау» іс-шарасы бойынша жүргізілген кешенді бақылау нәтижелері туралы ақпарат.

Бақылаумен 2 мемлекеттік мекеме қамтылды, оның ішінде 1 мемлекеттік мекеме, 1 мемлекеттік коммуналдық мекеме.
Бақылаумен 2035601,8 мың теңге (республикалық бюджет қаражаты 65840,0 мың теңге) қамтылып, жалпы анықталған бұзушылықтар 230592,1 мың теңгені құрады. Оның ішінде:
– қаржылық бұзушылықтар сомасы 230310,7 мың теңге;
-тиімсіз пайдаланған қаражат сомасы 281,4 мың теңге.
Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша 2 бірлік бұзушылық фактілері орын алған.
Жалпы қалпына келтіруге және өтелуге жататын қаржы 4296,3 мың теңгені құрайды, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 3826,6 мың теңге, өтелуге жататыны 469,7 мың теңге.
Жүргізілген бақылаудың нәтижесімен бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бұзу фактілері бойынша 7 материал, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі бойынша 1 материал тиісті уәкілетті органға жолданды.

Пресс-релиз

29.12.2015

ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ведомстволық бағыныстағы мекемелеріне бөлінген бюджет қаржысының жұмсалуын бақылау нәтижелері туралы ақпарат.
Бақылаумен 19 бақылау объектісі қамтылды, оның ішінде 19 мемлекеттік мекеме.
Жалпы бақылаумен 7 716 157,1 мың теңге қамтылды, оның ішінде 2013 жылы бюджеттен бөлінген 2 571 173,0 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 64 723,0 мың теңге), 2014 жылы бюджеттен бөлінген 3 312 821,3 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 56 832,0 мың теңге) және 2015 жылдың I-ші жарты жылдығында бюджеттен бөлінген 1 832 162,8 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 74 707,0 мың теңге).
Бақылаумен қамтылған 19 бақылау объектісінің барлығында бұзушылықтар анықталған.
Жалпы бақылаумен анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 169 154,4 мың теңгені құрады. Бюджетке өтелуге жататын қаржы 109,0 мың теңгені құрап, бақылау барысында өтелгені 104,3 мың теңге, бақылаудан кейін өтелгені 4,7 мың теңге.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтамау салдарынан орын алған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 531 310,7 мың теңгені құрады.
Бақылау іс-шарасы нәтижесі бойынша 18 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде, бақылау барысында 3 лауазымды тұлға, бақылаудан кейін 15 лауазымды тұлға.

Пресс-релиз

26.12.2015

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың ІІІ-ші тоқсанына арналған бақылау жұмысының жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орта білім беру бағытына бөлінген бюджет қаржысының тиімділігін бағалау» іс шарасы бойынша жүргізілген тақырыптық бақылау нәтижелері туралы баспасөз релизі
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың ІІІ-ші тоқсанына арналған бақылау жұмысының жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орта білім беру бағытына бөлінген бюджет қаржысының тиімділігін бағалау» іс шарасы ағымдағы жылдың 1 қазанынан 26 қараша аралығында жүргізілді. Бақылау барысында алдыңғы тексерудің нәтижелері ескеріле отырып, жалпы бақылаумен 57 856 030,6 мың теңге қамтылды.
Бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 2 942 742,2 мың теңге. Сонымен қатар 30 633 642,0 мың теңгеге 23 рәсімдік бұзушылық анықталған.
ОҚО бойынша тексеру комиссиясымен жүргізілген Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орта білім беру бағытына бөлінген бюджет қаржысының тиімділігін бағалау іс шарасының нәтижелеріне сәйкес, жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаның І-ші кезеңі бойынша орта білім беру бағытында қаралған 10 нысаналы индикатордың 5-не қол жеткізілмесе, 20 нәтиже көрсеткіштің 9 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген.

Пресс-релиз

16.12.2015

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың ІІI-ші тоқсанына арналған бақылау жұмысының жоспарына сәйкес, «ОҚО денсаулық сақтау басқармасына және оған ведомстволық бағыныстағы мекемелеріне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлінген бюджет қаржысының жұмсалуын бақылау» іс шарасы бойынша жүргізілген кешенді бақылау нәтижелері туралы ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың III тоқсанына арналған бақылау жұмыс жоспарына сәйкес, «ОҚО денсаулық сақтау басқармасына және оған ведомстволық бағыныстағы мекемелеріне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлінген бюджет қаржысының жұмсалуын бақылау» іс шарасы ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен 20 қараша аралығында жүргізілді.
Бақылау барысында алдыңғы тексерудің нәтижелері ескеріле отырып,16 бақылау объектісінде жалпы бақылаумен 16 250 156,2 мың теңге қамтылды. Анықталған бұзушылықтардың 3 581 663,8 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар және 3469,0 мың теңгесі тиімсіз пайдаланған қаржылар.
Қалпына келтірілуге және өтелуге жататын барлығы 1 072 412,8 мың теңгенің бақылау барысында және қорытындыны әзірлеу барысында барлығы 1 070 288,6 мың теңгесі қалпына келтірілді және 775,8 мың теңгесі өтелді. Атап айтқанда:
-қалпына келтірілуге жататын 1 070 841,3 мың теңгенің бақылау барысында қалпына келтірілгені 1 070 288,6 мың теңге. Қалпына келтірілуі тиіс сомасының қалдығы 552,7 мың теңге;
-өтелуге жататын 1 571,5 мың теңгенің бақылау барысында өтелгені 775,8 мың теңге. Өтелуге тиіс сомасының қалдығы 795,7 мың теңге.
Сонымен қатар, рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы сомасы 3 102 367,1 мың теңгеге 853 бірлік бұзушылық фактілері орын алған.
Жүргізілген бақылаудың нәтижесімен 2 бақылау объектісі бойынша 2 әкімшілік іс сотқа жолданып, 555,0 мың теңге көлемінде айыппұл салу жөнінде сот қаулысы шығарылған. Бүгінгі таңда 555,0 мың теңге әкімшілік айыппұл бюджетке өндірілді.
Бұдан басқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында ОҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясына лауазымды тұлғаларға қатысты 15 әкімшілік іс жолданып, бүгінгі таңда 10-іс бойынша әкімшілік айыппұл салу жөнінде қаулы шығарылып, барлығы 2 497,3 мың теңге әкімшілік айыппұл салынған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы №202 «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңының талаптары сақталмай, «Сайрам ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің лицензиясыз еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiби жарамдылық сараптамалар берілгендігі туралы құжаттары ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО бойынша департаментіне тиісті шара қолдану үшін жолданып, 1 іс бойынша 29,7 мың теңге әкімшілік айыппұл салынған.
Бақылау барысында және қорытынды әзірлеу мерзімінде 11 мекеме бойынша кемшіліктерге жол берген жауапты қызметкерлерге 1 «қатаң сөгіс», 7 «сөгіс», 24 «ескерту» түрінде тәртіптік шаралар қолданылды.
Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында ұсынымдар жолданды.

Пресс-релиз

10.12.2015

ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және оған ведомстволық бағыныстағы мекемелердің бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға бюджеттен бөлінген қаржылардың жұмсалуын бақылау нәтижелері туралы ақпарат.
Бақылаумен 7 бақылау объектісі қамтылды, оның ішінде 6 мемлекеттік мекеме және 1 коммуналдық мемлекеттік мекеме.
Бақылау барысында алдыңғы тексерудің нәтижелері ескеріле отырып, жалпы бақылаумен 6 509 029,5 мың теңге қамтылды, оның ішінде 2013 жылдың II-ші жарты жылдығында бюджеттен бөлінген 462 752,5 мың теңге, 2014 жылы бюджеттен бөлінген 5 465 517,0 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 23 585,0 мың теңге) және 2015 жылдың I-ші жарты жылдығында бюджеттен бөлінген 580 760,0 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 14 665,2 мың теңге).
Бақылаумен қамтылған 7 бақылау объектісінің барлығында бұзушылықтар анықталған.
Жалпы бақылаумен 6 509 029,5 мың теңге қамтылып, анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 69 915,3 мың теңгені құрады.
Бюджетке өтелуге жататын қаржы 193,5 мың теңгені құрап, бақылау барысында өтелгені 148,6 мың теңге, өтелуге жататын қаржы қалдығы 44,9 мың теңге.
Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 2 337 249,7 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында 278,9 мың теңге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтамау салдарынан 2 336 970,8 мың теңге.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясына 4 әкімшілік іс жолданды.

Пресс-релиз

26.10.2015

2015 жылдың 1 қазандағы жағдайына 20 бақылау іс-шараларының шеңберінде 217 бақылау объектісі және 550 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, бақылаумен қамтылған қаржы көлемі 128 860 544,8 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 69 672 458,8 мың теңгені құраған. Жалпы 2015 жылдың 1 қазандағы жағдайына қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 5 094 829,3 мың теңге болса, оның ішінде мерзімі келгені 4 405 514,6 мың теңгені құрап, есепті кезеңге 100,0% орындалған. Оның ішінде ақшалай түрде өтелгені 218 040,9 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 4 187 473,7 мың теңгені құраған.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 209 лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған (оның ішінде 161 тәртіптік, 48 әкімшілік жауапкершілікке).
Бақылау барысында Тексеру комиссиясы тарапынан 31 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, соттың қарауына жолданған, оның ішінде 26 хаттама бойынша сотпен әкімшілік өндіру салынған.

Пресс-релиз

01.10.2015

Мақтарал ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және ауданның 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бақылаунәтижелері туралы ақпарат.

Бақылаумен 56 бақылау объектісі қамтылды, оның ішінде 42 мемлекеттік мекеме, 10 коммуналдық мемлекеттік мекеме, 2 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын (үстеме бақылау), 2 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.
Бақылау барысында алдыңғы тексерудің нәтижелері ескеріле отырып, жалпы бақылаумен 47 140 602,0 мың теңге қамтылды, оның ішінде 2013 жылы бюджеттен бөлінген 18 086 550,8мың теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 3 923 595,8 мың теңге), 2014 жылы бюджеттен бөлінген 23 602 758,6 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 4 868 853,0 мың теңге) және 2015 жылдың 1-тоқсанында бюджеттен бөлінген 5 451 292,6 мың теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 1 381 724,8 мың теңге).
Жалпы бақылаумен қамтылған 56 бақылау объектісінің барлығында бұзушылықтар анықталған. Бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы 27 962 017,3 мың теңгені құрап, оның ішінде қалпына келтірілуге жататын 378 788,6 мың теңгенің бақылау барысында 31 554,4 мың теңгесі қалпына келтіріліп, бюджетке өндірілуі тиіс 19 153,4 мың теңгенің бақылау барысында 887,6 мың теңгесі бюджетке өндірілді.
Анықталған қаржылық бұзушылық сомасының 150,3 мың теңгесі тиімсіз пайдаланған қаржы.
Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 19 775 582,3 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану барысында 18 466 845,5 мың теңге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын сақтамау салдарынан 1 308 736,8 мың теңге бұзушылықтарға жол берген.
Мақтарал ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында 2014 жылы іске асыруға 5 бағыт бойынша 15 мақсат, 35 нысаналы индикаторлар, 87 тікелей нәтиже көрсеткіштері қарастырылған.
2014 жылдың қорытындысы бойынша 28 (80,0%) нысаналы индикаторлар, 62 (71,3%) көрсеткіштерге нақты қол жеткізілген, ал 1 индикатор мен 3 көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштері айқындалмаған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 6 индикаторлар мен 22 көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.
Сонымен қатар, даму бағдарламасының іс-шара жоспарында қаралған жалпы 245 іс-шаралардың ішінде 235 іс-шаралар (95,9%) орындалып, 10 іс-шаралар орындалмаған.

Жүргізілген бақылаудын нәтижесімен 11 бақылау объектісі бойынша 11 әкімшілік іс сотқа жолданып, оның ішінде 4-іс бойынша 396 400 теңге көлемінде, 7–іс бойынша 277 480 теңге көлемінде, барлығы 3 131 560 теңге айыппұл салу жөнінде сот қаулысы шығарылған. Бүгінгі таңда 1 783,8 мың теңге әкімшілік айыппұл бюджетке өндірілді.
Бұдан басқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мақсатында ОҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясына 11 әкімшілік іс жолданып, бүгінгі таңда 8-іс бойынша әкімшілік айыппұл салу жөнінде қаулы шығарылған. Оның ішінде 3-іс бойынша 198200 теңге көлемінде, 5-іс бойынша 59460 теңге көлемінде, барлығы 891900 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Қалған 3-іс бойынша әкімшілік айыппұл салынған немесе салынбағандығы жөнінде анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, мекеме қызметкерлерінің жыл сайынғы кезекті еңбек демалысына төленген қаржының уақытылы төленбеуіне байланысты ОҚО Еңбек инспекциясына тиісті материалдар жолданған.
“Мақтарал ауданының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты 18 білім беру ұймдарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар атқарылуына байланысты тиісті мамандарға әкімшілік шара көру үшін Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына материалдар жолданды.

Пресс-релиз

28.09.2015

«Шардара ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Шардара ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» іс шарасы бойынша жүргізілген кешенді бақылау қорытындылары туралы ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылға және 2015 жылдың ІІ-ші тоқсанына арналған бақылау жұмысының жоспарына сәйкес, «Шардара ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Шардара ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» іс шарасы 2015 жылдың 18 маусымы мен 7 тамызы аралығында жүргізілді.
Бақылау іс-шарасымен 34 бақылау объектісі қамтылды (оның ішінде 26-ММ, 4-КММ, 1-МКҚК, 3-МКК).
1) Бақылаумен 17 810 472,9 мың теңге қамтылып, жалпы анықталған бұзушылықтар сомасы 14 580 050,8 мың теңгені, оның ішінде бюджетке түсетін түсімдер бойынша 5906,0 мың теңгені, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде 14 574 144,8 мың теңгені құрады. Тиімсіз пайдаланылған қаражат көлемі 662 472,5 мың теңге;
2) рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 167 бірлік, сомасы 13 622 409,4 мың теңгені құрады;
3) жалпы қалпына келтірілуге (өтелуге) жататын қаржы 7 873,8 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны 6162,0 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 1711,8 мың теңге;
– бақылау барысында қалпына келтіріп (өтелгені) 1484,7 мың теңге, оның ішінде өтелгені 1 267,4 мың теңге, қалпына келтірілгені 217,3 мың теңге;
– қалпына келтіруге (өтелуге) жататын қаржы қалдығы 6389,1 мың теңге, оның ішінде өтелуге жататыны 4904,1 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 1485,0 мың теңге.
Шардара ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында 2014 жылы іске асыруға көзделген – 6 мақсат, 35 нысаналы индикаторлар, 78 көрсеткіштер қарастырылған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 30 (85,7%) нысаналы индикаторларға, 62 (79,5%) көрсеткіштерге нақты қол жеткізілген. Ал, 8 көрсеткіш пен 1 индикатордың жоспарлы көрсеткіштері айқындалмаған. 2014 жылдың қорытындысымен 4 индикаторлар мен 8 көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Шардара ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Шардара ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» іс шарасы бойынша жүргізілген кешенді бақылау қорытындылары туралы» 2015 жылғы 25 қыркүйекте №29 қаулы қабылданып, Шардара ауданың әкіміне және мекеме басшыларына ұсынымдар жолданды.

Пресс-релиз

24.09.2016

Қазығұрт ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық және уақытылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және ауданның 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бақылау нәтижелері туралы ақпарат.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың ІІ-ші тоқсанына арналған бақылау жұмысының жоспарына сәйкес, «Қазығұрт ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау және Қазығұрт ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау» іс шарасы 2015 жылдың 6 мамырынан 07 тамыз аралығында жүргізілді.
Бақылаумен 44 бақылау объектісі қамтылды, оның ішінде 29 мемлекеттік мекеме, 14 коммуналдық мемлекеттік мекеме, 1 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
Жалпы бақылаумен қамтылған 44 бақылау объектісінің 42-де заң бұзушылықтар анықталған. Бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы 23 787 874,7 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтірілуге және өтелуге жататын барлығы 435 386,0 мың теңгенің бақылау барысында барлығы 87 957,3 мың теңгесі қалпына келтірілді және өтелді.
Рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы сомасы 3 476 578,6 мың теңгеге 92 бірлік бұзушылық фактілері орын алған.
Бұдан басқа, Қазығұрт ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында 2013 жылы іске асыруға көзделген – 18 мақсат, 40 нысаналы индикаторлар, 84 көрсеткіштер қарастырылған. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 34 (85,0%) нысаналы индикаторларға, 69 (82,1 %) көрсеткіштерге нақты қол жеткізілген. 2013 жылдың қорытындысымен 6 индикаторлар мен 15 көрсеткіштер орындалмаған.
Бұл ретте, 2013 жылы даму бағдарламасының іс-шарасын қаржыландыруға бөлінген қаржылардың 99,9% игеріліп, даму бағдарламасының іс-шаралар жоспары 98,9%-ға орындалса да, индикаторлар 85,0%, ал көрсеткіштер 82,1% ғана орындалған.
Бағдарламада 2014 жылы іске асыруға көзделген – 16 мақсат, 27 нысаналы индикаторлар, 32 көрсеткіштер қарастырылған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 24 (88,9%) нысаналы индикаторларға, 26 (81,3 %) көрсеткіштерге нақты қол жеткізілген. 2014 жылдың қорытындысымен 3 индикаторлар мен 6 көрсеткіштер орындалмаған.
Қазығұрт ауданында жүргізілген кешенді бақылау іс-шарасының нәтижесі бойынша мекемелердің 3 лауазымды тұлғаларына әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, Қазығұрт аудандық сотына жолданып, соттың шешімімен 3 тұлғаға 200 АЕК-пен 1189,2 мың теңгеге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, 7 объект бойынша ОҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясына хаттама толтыру және әкімшілік шара көру үшін 9 материалдар жолданып, 4 тұлғаға 100 АЕК мөлшерінде 792,8 мың теңгеге, 1 тұлғаға 30 АЕК мөлшерінде 59,4 мың теңгеге, 1 тұлғаға 50 АЕК мөлшерінде 99,1 мың теңгеге барлығы 951,3 мың теңгеге айыппұл салынды.
Сондай-ақ, 7 объект бойынша 11 материалдар Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына әкімшілік шара көру үшін жолданды.
1 объект бойынша «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-не әкімшілік шара көру үшін тиісті материалдар жолданды.
Бақылау барысында 15 бақылау объектілерінен жергілікті бюджетке барлығы 1226,2 мың теңгесі өндіріліп, 17 бақылау объектілерінің 17 лауазымды тұлғаларына «сөгіс», 27 лауазымды тұлғаларына «ескерту» түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында ұсынымдар жолданды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың 1 шілдедегі жағдайына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

20.07.2015

2015 жылдың 1 шілдедегі жағдайына 17 бақылау іс-шараларының шеңберінде 83 бақылау объектісі және 199 бюджеттік бағдарламалар қамтылып, бақылаумен қамтылған қаржы көлемі 39 586 232,1 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 7 212 868,1 мың теңгені құраған. Жалпы 2015 жылдың 1 шілдедегі жағдайына қалпына келтірілуі тиіс қаржы көлемі 4 280 250,1 мың теңге болса, оның ішінде мерзімі келгені 4 279 927,8 мың теңгені құрап, есепті кезеңге 100,0% орындалған. Оның ішінде ақшалай түрде өтелгені 214 339,7 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 4 065 588,1 мың теңгені құраған.
Бүгінгі таңға тексеру комиссиясымен жолданған ұсынымдардың қорытындысы бойынша 135 лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бақылау барысында Тексеру комиссиясы тарапынан 27 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, соттың қарауына жолданған, оның ішінде 21 хаттама бойынша сотпен әкімшілік өндіру салынған.

Пресс-релиз

26.05.2015

ОҚО қаржы басқармасында 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына тақырыптық бақылаудың нәтижесі туралы ақпарат
«ОҚО қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2014 жылы бақылаумен 9 281 535,0 мың теңге қамтылды. Анықталған қаржылық бұзушылық 74 433,0 мың теңге.
Облыстық бюджеттің шығыс бөлігінің 406 318 112,0 мың теңге жоспары 2014 жылдың қорытындысы бойынша 406 050 874,9 мың теңге немесе 99,9%-ға орындалып, 267 237,1 мың теңгесі игерілмеген.
2015 жылдың 1 қаңтарына облыстық бюджеттің кредиторлық берешегі 92 824,5 мың теңгені құраса, ал дебиторлық берешегі 81 792,4 мың теңгені құраған, оның ішінде 44 252,0 мың теңге мерзімі өткен дебиторлық берешек.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының ОҚО қаржы басқармасында 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, ОҚО қаржы басқармасының басшысына тиісті ұсынымдар жолданды.

Пресс-Релиз

26.05.2015

«Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген бақылаудың қорытындысы бойынша пресс-релиз».
ОҚО бойынша тексеру комиссиясы «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінде бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуын бақылау нәтижелерінің қорытындысын шығарды.
Бақылаумен қамтылған аралықта бұзушылықтар анықталмады.

Пресс-релиз

15.05.2015

ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау және Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау қорытындысы туралы ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылғы IV тоқсанына арналған бақылау жұмысының жоспарына сәйкес, ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау және Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау іс шарасы бойынша ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесінде 2014 жылғы кезең бойынша 2015 жылдың 26 ақпаны мен 18 наурызы аралығында тақырыптық бақылау жүргізілді. Анықталған қаржылық бұзушылық сомасы 38 563,0 мың теңгені құрап, 150 000,0 мың теңгеге 1 бірлік рәсімдерді орындаудағы бұзушылық фактісі анықталған.
Даму бағдарламасында 2014 жылы іске асыруға 5 бағытпен 17 мақсат, 40 нысаналы индикаторлар, 57 тікелей нәтиже көрсеткіштері және 273 іс-шаралар жоспарланған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 28 (70%) нысаналы индикаторлар, 37 (64,9%) тікелей нәтиже көрсеткіштерге нақты қол жеткізілген. 1 нысаналы индикатор мен 11 тікелей нәтиже көрсеткіштердің статистикалық есеп беретін мерзімі келмеген, 11 нысаналы индикаторлар мен 8 тікелей нәтиже көрсеткіштерге қол жеткізілмеген. 2014 жылы жоспарланған 273 іс-шараның ішінде 272 (99,6%) орындалған, 1 іс-шара – 2016 жылға өтпелі.
Жалпы даму бағдарламасында жоспарланған нысаналы индикаторлар, тікелей нәтиже көрсеткіштері мен іс-шаралар арасында өзара байланыстың жоқтығын және жоспарланған көрсеткіштер бойынша іс-шаралардың жоспарланбағаны және тікелей нәтиже көрсеткіштері асыра орындалғанымен оған қатысты нысаналы индикаторлардың орындалмауы анықталды.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау және Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, Оңтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысына тиісті ұсынымдар жолданды.

пресс релиз

28.04.2015

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемсіне жүргізілген бақылаудың қорытындысы бойынша пересс-релиз

ОҚО бойынша тексеру комиссиясы «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемсі бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау нәтижелерінің қорытындысын шығарды.
Бақылаумен қамтылған аралықта 1791,8 мың теңгеге бұзушылықтар орын алғандығы анықталды, оның ішінде 924,0 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар, 867,8 мың теңгесі 4 рәсімдерді орындаудың тәртібін бұзу фактілері. Анықталған бұзушылықтардың жалпы өтелуге жататын 924,0 мың теңге, бақылау іс-шарасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімінде толығымен бюджетке өтелді.
Бақылау нәтижесі бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемсінің аппарат басшысына тиісті ұсыным жолданды.

пресс-релиз

17.04.2015

Шымкет қаласы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Шымкет қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау жүргізуге бақылау нәтижелері туралы ақпарат

Шымкент қаласы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Шымкент қаласының 2011-2014 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау» іс-шарасы бойынша «Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2014 жылдын кезеңі бойынша алдыңғы тексерудің нәтижелері ескеріле отырып бақылаумен 1 301 966,0 мың теңге қамтылды, оның ішінде республикалық бюджеттің қаржысы 605,0 мың теңге. Анықталған қаржылық бұзушылық 1 234,1 мың теңгені құрады, оның ішінде, өтелуге жататыны 169,2 мың теңге бақылау барысында бюджетке толығымен өндірілді.
Шымкент қаласының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының 2014 жылға жоспарланған 28 нысаналы индикатор толығымен орындалып жоспарланған 62 нәтиже көрсеткіштің 58-і немесе 94,0 пайыз орындалған, 4 нәтиже көрсеткіш толығымен орындалмаған.
Жоғарыдағыны ескере келе «Шымкент қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының» көрсеткіштері өз деңгейінде жүргізілмегендігін көрсетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының Шымкент қаласы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Шымкент қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, Шымкент қаласы әкіміне және «Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына тиісті ұсынымдар жолданды.

пресс-релиз

17.04.2015

Сайрам ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына және Сайрам ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бақылау нәтижелері туралы ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Сайрам ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Сайрам ауданы бойынша 2014 жылғы бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде заңнаманың сақталуына бақылау жүргізілді.
Бақылаумен қамтылған қаражат көлемі 59 926,0 мың теңгені оның ішінде жергілікті бюджеттен 59671,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 255,0 мың теңгені құраған.
«Сайрам ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының» 5 бағыты бойынша межеленген негізгі 25 нысаналы индикаторының 4 индикаторы бойынша жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілмеген. Бағдарламадағы 49 түпкілікті нәтижелер көрсеткішінің 8 көрсеткіші орындалмаған.
ОҚО бойынша тексеру комиссиясының Сайрам ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына және Сайрам ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бақылау нәтижелері туралы қортынды бекітіліп, Сайрам ауданы әкіміне және «Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысына тиісті ұсынымдар жолданды.
Жоғарыдағыны ескере келе «Сайрам ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының» көрсеткіштері өз деңгейінде жүргізілмегендігін көрсетті.

пресс-релиз

17.04.2015

Арыс қаласы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Арыс қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

«Арыс қаласы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қала бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына тақырыптық бақылаумен қамтылған қаржы көлемі 20616,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаржысы 134,0 мың теңге.
Арыс қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттары бойынша мақсаттар негізінен іске асырылған, алайда 2014 жылға жоспарланған 35 нысаналы индикатордың 30 орындалып, қол жеткізілді, 5 нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген. 2014 жылға жоспарланған 35 нәтиже көрсеткіштің 25 орындалып, 10 нәтиже көрсеткішке қол жеткізілмеген.
Салықтық түсімдердің асыра орындалуы бюджетті жоспарлауда талдау жүргізу өз деңгейінде болмағандығын және нақтылау барысында ескерілмегендігін көрсетеді. 5 кіріс көздерін бюджетті нақтылау барысында бірнеше рет ұлғайтылғанымен жыл соңында жоспар артығымен орындалған.
Сонымен қатар, кіріс көздерін нақтылау барысында 3 салық көзін көбейтіп, қайта кеміткен фактілері орын алған.
Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтиже көрсеткіштерінің жоспары 278 болса, нақты 274 орындалған, немесе 4 тікелей нәтиже көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.
Объективті себептермен игерілмеген қаржылар 11056,0 мың теңгені, субъективті себептермен игерілмеген қаржылар 50,0 мың теңгені құрады.
Шығыстарды талдау барысында 11 бюджеттік бағдарламада қаржы қаралып, дәл сол бағдарламада қаржыны қысқартып отырған. Яғни бюджеттің шығындар бөлігіне жыл бойына бюджетті өз деңгейінде жоспарлауға болжам жүргізбегендігін айқындайды. Бұл ретте шығыстарды жоспарлау жұмысын өз деңгейде жүргізуді талап етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі №540 Жарлығының 3-қосымшасының талаптарын сақтамай, 6 ауыл әкімі аппаратында «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланы, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша барлығы 1098,3 мың теңгеге артық айлық жалақы және емдік жәрдемақысы есептелініп, төленген.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша кредиторлық берешек 2014 жылы 27660,0 мың теңге болып, 2013 жылмен салыстырғанда 30507,0 мың теңгеге кеміген. Жалпы бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша дебиторлық берешек 2014 жылы 2771 мың теңге болып, 2013 жылмен салыстырғанда 11600,5 мың теңгеге кеміген.
Жоғарыдағыны ескере келе салықтық түсімдердің асыра орындалуы бюджетті жоспарлауда талдау және бюджеттік бағдарламалар бойынша біресе азаю, біресе көбею жағына өзгерістердің енгізілуі бюджеттің шығындар бөлігіне жыл бойына бюджетті жоспарлауға болжам өз деңгейінде жүргізілмегендігін көрсетеді.

пресс-релиз

17.04.2015

Созақ ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Созақ ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

«Созақ ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қала бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына тақырыптық бақылаумен қамтылған қаржы көлемі 31 890,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаржысы 115,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаржысы 31 775,0 мың теңге.
Созақ ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында 24 нысаналы индикатор, 38 түпкі нәтиже көрсеткіштері жоспарланып, оның 5 индикаторы және 5 түпкі нәтиже көрсеткіштері орындалмаған.
Салықтық түсімдер бойынша жасалған талдау нәтижесі көрсеткендей 31 салық түрі бойынша жоспар асыра орындалғанымен, 3 түрінен жалпы сомасы 173 872,2 мың теңгеге кем түскен.
Өткен жылмен салыстырғанда салық түсімдерінің 6 түрі бойынша орындалуы төмендеген.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының саны 107 болса, оның 104 бюджеттік бағдарламалары бойынша тікелей және түпкі нәтиже көрсеткіштері орындалып, 3 бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей және түпкі нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.
2014 жылдың 1 қаңтарына бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздар орын алмаған, ал 2015 жылдың 1 қаңтарына кредиторлық қарыз 8 990,0 мың теңгені, дебиторлық қарыз 11 725,0 мың теңгені құрады.
Жалпы Созақ ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалардың нәтиже көрсеткіштеріне жету және бюджетті жоспарлау мен нақтылау барысында талдау тиісті деңгейде жүргізілмегені атап өтілді.

пресс-релиз

14.04.2015

Бәйдібек ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және
Бәйдібек ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму
бағдарламасының іске асырылуын бағалау
қорытындысы туралы мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылға арналған бақылау жұмысының жоспарына сәйкес «Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Бәйдібек ауданы бойынша 2014 жылғы бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде заңнаманың сақталуына бақылау жүргізілді.
Бәйдібек ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында 24 нысаналы индикатор, 42 түпкі нәтиже көрсеткіштері жоспарланып, оның 3 индикаторы және 8 түпкі нәтиже көрсеткіштері орындалмаған.
Салықтық түсімдер бойынша жасалған талдаудың негізінде барлық салық түрі бойынша жоспар орындалғанымен, 7 салық түсімдері бойынша 1,2 еседен 2,4 есеге дейін жоспар асыра артық орындау фактілері орын алған.
Өткен жылмен салыстырғанда салық түсімдерінің 8 түрі бойынша орындалуы 2,9%-дан 67,0%-ға дейін төмендеген.
Мерзімінде төленбеген салықтар мен төлемдер 2015 жылдың 1 қаңтарына 10 түрінен 532,0 мың теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға немесе 5,0 мың теңгеге өскен.
2014 жылдың ІV-тоқсанында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне 2-рет өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағы сақталмаған.
2014 жылдың қорытындысы бойынша 31708,8 мың теңге игерілмей 2013 жылмен салыстырғанда игерілмеген қаржы көлемі 27123,3 мың теңгеге өскен. Оның ішінде субъективті себептермен 5 260,6 мың теңге игерілмеген.
Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/173-V шешімімен облыстық бюджеттен аудан, қала бюджеттеріне 2014-2016 жылдары берілетін субвенцияның құрамындағы ескерілген шығындар көлемі 2014 жылдың қорытындысымен 11684,0 мың теңгеге кем қарастырылып, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 45-бабының 4-2-тармағы сақталмаған. Оның ішінде қайтарылуы тиіс 846,0 мың теңге облыстық бюджетке қайтарылған.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бекітілген 113 бюджеттік бағдарламаларында көзделген жоспарлық көрсеткіштердің 3 бюджеттік бағдарлама бойынша нәтижелеріне қол жеткізілмеген.
Жоғарыдағыны ескере келе салықтық түсімдердің асыра орындалуы бюджетті жоспарлауда талдау және бюджеттік бағдарламалар бойынша біресе азаю, біресе көбею жағына өзгерістердің енгізілуі бюджеттің шығындар бөлігіне жыл бойына бюджетті жоспарлауға болжам өз деңгейінде жүргізілмегендігін көрсетеді.

пресс-релиз

14.04.2015

Түркістан қаласы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Түркістан қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

«Түркістан қаласы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қала бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына тақырыптық бақылаумен қамтылған қаржы көлемі 350 024,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаржысы 119,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаржысы 349 905,0 мың теңге.
Түркістан қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттары бойынша мақсаттар негізінен іске асырылған, алайда 2014 жылға жоспарланған 24 нысаналы индикатордың 21-і орындалып, қол жеткізілді, 3 нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген. 2014 жылға жоспарланған 51 нәтиже көрсеткіштің 48-і немесе 94,0 пайыз орындалып, 3 нәтиже көрсеткішке қол жеткізілмеген.
Салықтық түсімдердің асыра орындалуы бюджетті жоспарлауда талдау жүргізу өз деңгейінде болмағандығын және нақтылау барысында ескерілмегендігін көрсетеді. 10 кіріс көздерін мәслихат шешімдерімен нақтылау барысында бірнеше рет ұлғайтылғанымен жыл соңында жоспар артығымен орындалған
Сонымен қатар, 38 салық көздерінің 5 салық көздері бойынша мәслихат шешімімен көбейтіліп келесі мәслихат шешімімен кемітілген фактілері орын алған.
Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтиже көрсеткіштері жоспарының саны 135 болса, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтиже көрсеткіштерінің орындалған саны 132 немесе 3 тікелей нәтиже көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.
Объективті себептермен игерілмеген қаржылар 29 032,2 мың теңгені, субъективті себептермен игерілмеген қаржылар 5 000,0 мың теңгені құрады.
Бюджеттің шығындар бөлігіне жыл бойына бюджетті өз деңгейінде жоспарлауға болжам жүргізбегендіктен, 35 бюджеттік бағдарлама бойынша біресе көбею жағына, біресе азаю жағына өзгерістер енгізілген. Яғни, бюджеттік бағдарламаға қаржы қаралып, дәл сол бюджеттік бағдарламадан келесі мәслихат шешімімен қысқартылған фактілер орын алған.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша кредиторлық берешек 2013 жылы 151 019,5 мың теңге болып, 2013 жылмен салыстырғанда 85 есе ұлғайған. Жалпы бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша дебиторлық берешек 2014 жылы 16 230,8 мың теңге болып, 2013 жылмен салыстырғанда 43 есеге ұлғайған.
Жоғарыдағыны ескере келе салықтық түсімдердің асыра орындалуы бюджетті жоспарлауда талдау және бюджеттік бағдарламалар бойынша біресе азаю, біресе көбею жағына өзгерістердің енгізілуі бюджеттің шығындар бөлігіне жыл бойына бюджетті жоспарлауға болжам өз деңгейінде жүргізілмегендігін көрсетеді.

пресс релиз

27.03.2015

Облыстық білім басқармасының техникалық білім беруге бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуына кешенді бақылау нәтижесі туралы ақпарат
Бақылаумен облыстық білім басқармасына қарасты 27 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарда 2013 жыл мен 2014 жылдың 1 қазан аралығындағы қамтылған қаражат көлемі барлығы 14241024,3 мың теңгені, оның ішінде трансферттер 3628865,7 мың теңгені құрады. Бақылаумен қамтылған 27 ұйымның 26-да 805697,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 320868,7 мың теңгеге рәсімдерді орындаудың тәртібі бойынша 24 бұзушылық фактілерінің орын алғандығы анықталды. Анықталған бұзушылықтардың жалпы қалпына келтіруге жататыны 689109,6 мың теңге, оның ішінде бюджетке өтелуге жататыны 4107,2 мың теңге (оның ішінде трансферт 1384,0 мың теңге), қалпына келтіретіні 685002,4 мың теңге. Бақылау барысында және қорытынды әзірлеу мерзімінде қалпына келтірілуі тиіс 685002,4 мың теңге толығымен қалпына келтіріліп, өтелуі тиіс 4107,2 мың теңгенің 2723,2 мың теңгесі өтелді.
Бақылау нәтижесімен 3 кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салу үшін материалдар ОҚО бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне, 2 кәсіпорынның материалдары ОҚО білім саласындағы бақылау департаментіне тиісті шара қолдану үшін жолданды.
Бақылау барысында және қорытынды әзірлеу мерзімінде 26 кәсіпорын бойынша 32 жауапты қызметкерлерге тәртіптік шара көрілді.
Бақылау нәтижесі бойынша ОҚО әкімдігіне және ОҚО мәслихатына мәлімет жолданды.

Пресс-релиз

19.03.2015

Түлкібас ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Түлкібас ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау жүргізуге бақылау нәтижелері туралы ақпарат

«Түлкібас ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Түлкібас ауданының 2011-2014 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау» іс-шарасы бойынша «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2014 жыл кезең бақылаумен 17 178,0 мың теңге қамтылды. Оның ішінде жергілікті бюджет қаржысы 17106,0 мың теңге, республикалық бюджет қаржысы 72,0 мың теңге. Бюджет қаражаттарын жоспарлау кезінде анықталған қаржылық бұзушылық сомасы 7958189,7 мың теңгені құрап, оның ішінде 3024,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған қаржы және 7955165,7 мың теңге рәсімдерді орындау тәртібі бойынша жіберілген бұзушылық ретінде анықталды. Жалпы 4 бұзушылық фактісі орын алды.
Түлкібас ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 40 (87,5%) нысаналы индикаторларға, 91 (83,5 %) көрсеткіштерге нақты қол жеткізілген. Жалпы 2014 жылдың қорытындысымен 5 индикаторлар мен 12 көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының Түлкібас ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Түлкібас ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, Түлкібас ауданы әкіміне және «Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына тиісті ұсынымдар жолданды.

Пресс-релиз

19.03.2015

Төлеби ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Төлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау жүргізуге бақылау нәтижелері туралы ақпарат

«Төлеби ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Төлеби ауданының 2011-2014 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау» іс-шарасы бойынша «Төлеби аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2014 жыл кезең бақылаумен 33 332,0 мың теңге қамтылды. Оның ішінде жергілікті бюджет қаржысы 33 090,0 мың теңге, республикалық бюджет қаржысы 232,0 мың теңге. Анықталған қаржылық бұзушылық 27 429,0 мың теңгені құрап, 2 508 623,0 мың теңгеге рәсімдерді орындау тәртібі бойынша 6 бұзушылық фактісі орын алды.
Төлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасында 2014 жылы іске асыруға – 17 мақсат, 81 нысаналы индикаторлар, 33 көрсеткіштер қарастырылған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 67 (83%) нысаналы индикаторларға, 16 (48 %) көрсеткіштерге нақты қол жеткізілген, ал 9 индикатор мен 16 көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштері айқындалмаған. Жалпы 2014 жылдың қортындысымен 5 индикаторлар мен 1 көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының Төлеби ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Төлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, Төлеби ауданы әкіміне және «Төлеби аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына тиісті ұсынымдар жолданды.

Пресс-релиз

19.03.2015

Сарыағаш ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау және Сарыағаш ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау қорытындылары туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылғы IV тоқсанына арналған бақылау жұмысының жоспарына сәйкес, Сарыағаш ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуын бақылау және Сарыағаш ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау іс шарасы бойынша Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінде 2014 жылғы кезең бойынша 2015 жылдың 29 қаңтары мен 25 ақпаны аралығында бақылау жүргізілді. Анықталған қаржылық бұзушылық сомасы 76423,0 мың теңгені құрап, 255838,0 мың теңгеге 3 бірлік рәсімдерді орындаудағы бұзушылық фактісі анықталған.
Сарыағаш ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының 2014 жылдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттары бойынша 8 нысаналы индикатор және 8 нәтижелі көрсеткіштері орындалмаған.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының Сарыағаш ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Сарыағаш ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, Сарыағаш ауданының әкіміне және Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысына тиісті ұсынымдар жолданды.

Пресс-релиз

19.03.2015

Отырар ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына және Отырар ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бақылау нәтижелері туралы ақпарат

Отырар ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына және Отырар ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бақылау іс-шарасымен 41 бақылау объектісі кешенді бақылаумен қамтылды.
Жалпы бақылаумен қамтылған қаржы 12 032 553,8 мың теңгені құрады.
Бақылаумен қамтылған 41 бақылау объектісінің 38-де заң бұзушылықтар анықталды. Бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы 6 000 287,4 мың теңге, немесе бақылаумен қамтылған қаржының 49,9 пайызын құрады, оның ішінде жалпы қалпына келтірілуі/өтелуі тиіс қаржы көлемі 3 362 968,5 мың теңгені құрап, оның ішінде қалпына келтірілуі тиіс 3 356 961,7 мың теңге бақылау барысында және қорытынды әзірлеу мерізімінде толығымен қалпына келтірілді, ал өтелуге жататын 6006,8 мың теңгенің бақылау барысында және қорытынды әзірлеу мерзімінде 2050,1 мың теңгесі бюджетке өтелді.
Ауданның 2013 жылдың даму бағдарламасын іске асыруға – 18 мақсат, 39 нысаналы индикаторлар, 95 көрсеткіштер қарастырылған. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 27 (69%) нысаналы индикаторларға, 65 (68 %) көрсеткіштерге нақты қол жеткізілген, ал 8 индикатор мен 16 көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштері айқындалмаған. 2013 жылдың қорытындысымен 4 индикаторлар мен 14 көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.
ОҚО бойынша тексеру комиссиясының Отырар ауданы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының тиімді жұмсалуына және Отырар ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бақылау нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, Отырар ауданы әкіміне және «Отырар аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысына тиісті ұсынымдар жолданды.

Пресс-релиз

19.03.2015

Кентау қаласы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Кентау қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау жүргізуге бақылау нәтижелері туралы ақпарат

Кентау қаласы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Кентау қаласының 2011-2014 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау» іс-шарасы бойынша «Кентау қалалық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2014 жыл кезең бойынша алдыңғы тексерудің нәтижелері ескеріле отырып бақылаумен 44 669,0 мың теңге қамтылды. Анықталған қаржылық бұзушылық 132 546,0 мың теңгені құрап, 5 035 072,4 мың теңгеге рәсімдерді орындау тәртібі бойынша 5 бұзушылық фактісі орын алды.
Кентау қаласының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының 2014 жылдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттары бойынша негізінен мақсаттар іске асырылған, алайда 6 нысаналы индикатор және 3 нәтижелі көрсеткіш орындалмаған.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының Кентау қаласы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Кентау қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау нәтижелері туралы қорытынды бекітіліп, Кентау қаласы әкіміне және «Кентау қалалық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына тиісті ұсынымдар жолданды.

пресс релиз

16.03.2015

Ордабасы ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Ордабасы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау жүргізуге бақылау нәтижелері туралы ақпарат
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Ордабасы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Ордабасы ауданы бойынша 2014 жылғы бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде заңнаманың сақталуына бақылау жүргізілді.
Бақылаумен қамтылған қаражат көлемі 48819,7 мың теңгені құраған, оның ішінде жергілікті бюджеттен 48651,7 мың теңге, республикалық бюджеттен 168,0 мың теңге.
Бюджет қаражаттарын жоспарлау кезінде анықталған қаржылық бұзушылық сомасы 1832,0 мың теңгені құрады. Атап айтқанда, 2014 жылы 459001 бюджеттік бағдарламалары бойынша нақтыланған 1832,0 мың теңгеге бюджетті нақтылау және түзету жағдайларында бюджеттік өтінімдер сәйкестікке келтірілмегені анықталған.
Ордабасы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында межеленген негізгі 21 нысаналы индикатордың 3-іне және 15 түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің 7-іне қол жеткізілмеген
Ордабасы ауданының 2014 жылы стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының негізгі көрсеткіштері бойынша бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтиже көрсеткіштерінің саны жоспар бойынша 104 болса, нақты орындалғаны 103, немесе 1 көрсеткішке қол жеткізілмеген.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының Ордабасы ауданы бойынша 2014 жылдың бюджет қаржысын жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына бақылау және Ордабасы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау нәтижелері туралы қорытындысы бекітіліп, Ордабасы ауданы әкіміне және «Ордабасы ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына тиісті ұсынымдар жолданды.

Pin It