Тексеру комиссиясының мүшелері

Жақыпов Болат Саулеұлы

1956 жылы 23 қазанда туған. Білімі жоғары, экономист. Еңбек жолын «Шымқорған» совхозында жұмысшы болып бастады, лауазымдарында жұмыс істеді – «Шымқорған» РабКоп бухгалтері, облыстық мемлекеттік сақтандыру басқармасының бас ревизоры, құрылыс материалдары зауытының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, «Таймбанк» АБ директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің облыстық басқармасының аға бақылаушысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы және коммуналдық меншік департаментінің бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаментінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тексеру комиссиясының бас маманы-бас ревизоры. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 43/424-ІV шешімімен 2011 жылғы 16 қыркүйектен бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 2 қазандағы № 18/163-V шешімімен 2013 жылдың 2 қазанынан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

Дулатбеков Оразали Абдираевич

1984 жылы 12 маусымда туған. Білімі жоғары, менеджер, мемлекеттік және жергілікті басқару. Еңбек жолын шарт бойынша оператор Отырар ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінде бастады, Отырар ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Отырар ауданы мәслихатының тексеру комиссиясының бас маман – бақылаушы тексерушісі, ОҚО кәсіпкерлік басқармасының Ішкі әкімшілік және Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы, ОҚО бойынша Тексеру комиссиясының № 2 бөлімінің бас маман – бас ревизоры, ОҚО кәсіпкерлік басқармасының бас маманы, ОҚО кәсіпкерлік басқармасының бас маманы, ОҚО бойынша Тексеру комиссиясының – ОҚО бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік бақылау бөлімінің бас ревизоры, ОҚО бойынша тексеру комиссиясы әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, ОҚО бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып 2018 жылғы 20 наурыздан бастап тағайындалды.

Сихымбай Алимжан Игілікұлы

 12 маусым 1979 жыл туылған. Білімі жоғары, экономист, заңгер. Жұмыс өтілін Шымкент қаласының қаржы бөлімінің жетекші маманынан бастаған,  ОҚО қаржы департаменті бөлімінің бас маманы, ОҚО қаржы басқармасы мемлекеттік органдарды, қорғанысты, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті мониторинг жасау бөлімінің бастығы, ОҚО  қаржы басқармасы қоғамдық тәртіп, қорғаныс және мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметіне мониторинг жасау және тиімділігін бағалау бөлімінің бастығы, ОҚО қаржы басқармасы білім беруді, мәдениетті және спортты бюджеттік мониторинг жасау бөлімінің бастығы, ОҚО бойынша тексеру комиссиясы талдау жұмысы бөлімінің меңгерушісі, ОҚО бойынша тексеру комиссиясы №4 шығыстарды бақылау бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы   мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы, Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы №31/341-VI шешімінің негізінде Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Жиенбеков Алмаз Абубакирович

09 қаңтар 1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында туылған. Білімі жоғары-1993 жылы, Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, 2007жылы, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген. Мамандығы-математик, қаржы бакалавры. Жұмыс өтілін Алматы қалалық қаржы басқармасы, программист болып бастаған. ОҚО қаржы басқармасы, бас маман, бөлім бастығы. ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, жетекші маман, бас маман. ОҚО әкімі аппараты, бас маман, бас инспектор-аудитор. ОҚО, Қазығұрт ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы №2 шығыстарды бақылау бөлімінде бас маман-бас тексеруші. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы ішкі аудит және сапаны бақылау бөлімінің меңгерушісі. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №_____шешімінің негізінде Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Pin It